Қазақтелеком «Видео online» атты жаңа қызметін ұсынды

571
Қазақтелеком

Халықаралық туристік жолдамалар сатылымы 30%-ға төмендеді, ал республикадағы ішкі туризмге деген сұраныс артып жатыр. Бұл жөнінде Қазақстан Туристік агенттіктер қауымдастығының директоры Эльнара Етимова хабарлады.

«Нарық қатысушысы әрі компанияның иесі ретінде айтарым, осы уақыттарда бұрын 2013 жылы Түркияға турларды 196 адам брондаса, бүгінде ол көрсеткіш 100 адамға да жетпейді. Десе де, ішкі туризм сұранысы артып отыр», — деп ақпаратымен бөлісті Э.Етимова.

Туристік пакеттердің орташа чегі де төмендеген. «Бұрын күнделікті рейстердегі жекелеген турларды көптеп жасасақ, қазір чартерлік рейстерге дайын пакеттерді алуға мәжбүрміз. Әлемдік турларға деген сұраныс қашан да жоғары, бірақ ол көрсеткіштерге масаттануға болмайды», — дейді ол.

Қазақстандық туристер үшін көп баратын жазғы бағыттар қазіргі кезде Болгария, Түркия, Қытай, Грузия, Корея, Әзірбайжан, Грекия, Хорватия мен Еуропа елдері.

Қыс мезгілінде көп баратын жерлер — Хайнань, Тайланд, Гоа, БАЭ, Египет, Шри-Ланка, Малайзия, Вьетнам және Бали аралдары.

«Қысқы бағыттар, негізінен, өте көп. Көбіне сол жердегі ауа-райы жағдайының қолайлылығына байланысты барушылар саны артады. Екінші жағынан, чартерлік немесе тікелей рейстердің болуы да көрсеткішті көбейтеді. Себебі, саяхаттау барысында екі-үш рет ұшақ ауыстырғанды көп адам ұната бермейді», — дейді Эльнара Етимова.

Ақпарат көзі: lsm.kz