Халықаралық жүргізуші куәлігі заңға қайшы

577
Халықаралық жүргізуші куәлігі заңға қайшы

ҚР ІІМ жеке компанияларға халықаралық үлгідегі жүргізуші көлігін шығаруға рұқсат берген жоқ.

Әкімшілік полиция баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақыттағы кейбір жеке фирмалардың коммерциялық мақсатта халықаралық жүргізуші куәлігін шығаруы заңға қайшы келеді. Қазақстанда көлік иелеріне куәлік беру ережесін тек ішкі істер органдары ғана бекітіп, жүзеге асыра алады.

Қазіргі уақытта уәкілетті органдар беретін жүргізуші куәлігі халықаралық келісімдерге сай, яғни елде өзге түрдегі куәлік шығаруға ешандай негіз жоқ дейді баспасөз қызметі.

Осыған дейін қазақстандық фирма 26 мың теңгеге «халықаралық жүұргізуші куәлігін» сатып алуды ұсынған болатын.

Дереккөз: kolesa.kz