Халық банкі Өзбекстаннан бөлімшесін ашады

43
өзбекстаннан
Фото: pymnts.com

Алматы. 25 тамыз. 7kun.kz – Қазақстандық Халық банкі 2018 жылдың соңына дейін Өзбекстаннан бөлімше ашуды жоспарлап отыр.

«Қазіргі кезде Қазақстан мен Өзбекстанның реттеушілеріне рұқсат құжаттарын тапсырып жатырмыз», — деді Халық банкінің төрайымы Үміт Шаяхметова.

Жаңа құрылымның директорлар кеңесі де құрылып қойған.

Еске сала кетейік, 10 шілдеде Қазақстанның Ұлттық банкі мен Өзбекстанның Орталық банкі бөлімше ашу жөніндегі келісімге қол қойған болатын.

2017 жылы қыркүйекте Өзбекстан билігі жеке және заңды тұлғалардың шетел валютасын сатып алуға тәуелділігін болдырмас үшін валюта саясатын либералдандыруды көздейтінін жариялаған.