Homebank.kz доменін пайдаланған жалған ресурс анықталды

70
Fitch
Фото: inbusiness.kz

Алматы. 12 шілде. 7kun.kz — «KZ-CERT» компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Халық банкінің ресми интернет-ресурсын имитациялайтын фишингтік интернет-ресурсты анықтады.

«KZ-CERT» қызметіне homebank.kz ресми интернет-ресурсын қайталайтын күдікті интернет-ресурс туралы өтініш келіп түсті, ол homeYbank.com домендік атауымен жасырынған. Мамандар осы интернет-ресурсқа егжей — тегжейлі талдау жасап, оның нәтижелері бойынша фишингтік нысандардың бар-жоғы анықталды», — делінген хабарламада.

Бұл ресурс homebank.kz-ті дәл көшіріп алған, мұнда да авторландыру үшін карта ұстаушыларға мыналарды енгізу қажет болды: сенімді телефон нөмірі| Homebank идентификаторы | my Halyk логині және пароль.

Хабарламаға сәйкес, ұялы нөмір арқылы авторизациялау кезінде пайдаланушы loading.php бетіне бағытталғанын байқамай, одан кейін қаскүнемдердің ойы бойынша ұялы нөмірге алынған sms-кодты енгізуі тиіс болған.

Аталған интернет-ресурс «KZ-CERT» қызметімен «Интернет желісіндегі алаяқ интернет-ресурс/фишинг»деп жіктелген.

«Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, барлық қазақстандықтарды домендік атауына (іздеу жолында енгізілетін) назар аударуға шақырамыз және осындай күдікті интернет-ресурс табылған жағдайда, біздің мамандарға 1400 (тәулік бойы) тегін нөмірі бойынша хабарлауды немесе мына сілтеме бойынша өтінім жіберуді сұраймыз: http://www.kz-cert.kz/ru/form, сондай-ақ электрондық мекенжайға хат жіберуге болады: incident@kz-cert.kz»,-деп атап өтті «KZ-CERT» қызметінің мамандары.