ҚХР экономикасын реформалаудың теориялық аспектілері (курстық жұмыс)

1690
кітапхана

Халық саны жағынан әлемде алғашқы орынды иеленетін, жер көлемі жағынан әлемде үшінші орын алатын Қытай елі көптеген ғалымдардың қызығушылығын тудыруда. Бұл көбіне Қытай елінің экономикалық өсімі жағынан алдыңғы қатарлы елге айналғандығымен байланысты.

Қытайдың экономикалық дамуы мен оның әлемдік экономикадағы орнын көптеген ғалымдар зерттеген. Қытай еліне Ресей, Қазақстан экономисттері қызығушылық танытуда. Ұсынылып отырған жұмыста Қытайдың Хайнань университетінің экономика ғылымдарының докторы Хуан Дингуй, ҚХР қоғамдық ғылымдар академиясының ғалымдары Ван. Лолинь, Вэй Хоукайдың мақалалары қолданылды. Сондай-ақ Ресейдің экономика ғылымдары докторы Владислав Иноземцев, Санкт-Петербург экономика және қаржы университетінің профессоры А.С.Селищев сияқты ғалымдар Қытай экономикасының мәселелерімен айналысқан. Дегенмен, Қытай экономикасының дамуы жөнінде ғалымдар бір шешімге келе алмай отыр, экономикалық жетістіктердің себептері әр түрлі етіп көрсетіледі. Сонымен бірге Қытай экономикасының дамуының Қазақстан үшін қандай әсері бар екендігін біздің ғалымдар терең қарастырмайды.

Ал біздің ел үшін әлемдік нарыққа ену кезінде әрі көрші, әрі серіктес, әрі бәсекелес болып келетін Қытай сияқты алып мемлекеттің экономикасының  даму ерекшеліктерін зерттеу аса маңызды болып келеді. Қытай Халық Республикасы дүние жүзілік сауда ұйымына 2001 жылы мүше болған. Қазақстан Республикасының осы ұйымға мүше болуға үлкен дайындық жасап жатқандығы белгілі. Осыған орай, әлемдегі алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттің қатарына қосылуды мақсат етіп отырған Қазақстан үшін, Қытай сияқты көршіміздің экономикалық дамуын білу өте қажет.

  1. ҚХР-ның экономикасын реформалаудың теориялық аспектілері

1.1 Қытай экономикалық реформасының басталуы және оның кезеңдері

Қытай – Қытай Халық Республикасы қазіргі замандағы әлемдегі ең қуатты мемлекеттердің бірі болып саналады. Қытайдың әлемдік аренада осындай маңызды орынға XX ғасырдың 70-ші жылдарының соңында басталған қоғамдық реформа арқылы жеткендігі белгілі. Сондықтан болар Қытайдың социалистік жүйеге жүргізген реформасына әр ел ғалымдары үлкен қызығушылық танытуда, отандық политологтар Қытай реформасын зерттеуде.

ҚХР құрылғаннан соң, алғашқы үш жылда ол бар күшін азаматтық соғыс салдарын жоюға салды. Сондай-ақ ҚХР экономикасын қалпына келтіру Екінші Дүниежүзілік соғыстың салдарынан құлдыраған экономиканы ретке келтіруден басталды. 1937 жылмен салыстырғанда 1949 жылы ауыл шаруашылығы өндірісі 20-25%-дан аса төмендеді, өнеркәсіп өндірісі 50-56%-ға азайды, ал жеңіл өнеркәсіп 30%-ға кеміді. Халықтың 90 %-ы ауылда тұрды, ал ауыл шаруашылығының даму деңгейі өте төмен болды. 1949 жылы жанбасына шаққандағы табыс 54 долларды немесе 66 юаньді құрады. Халық саны 541,7 млн. адамды құрады. Әуелбастан Қытайдың жаңа басшылығы кеңестік экономикалық модельді қолға алды. Экономиканы қалпына келтіру кезеңінде 1949-1952 жылдары ауыл шаруашылығы жылына 14,1%-ға,  өнеркәсіп 40,7%-ға жетті. Бұл көрсеткіштер 1937 жылғы деңгейге қайта келуін көрсетеді. 1952 жылы Қытайдың ЖІӨ-і 67,9 млрд. юаньді құрады немесе жан басына шаққанда 119 юаньді құрады[1]. Дегенмен Қытай экономикасының бұл көрсеткіштері әлемдік деңгеймен салыстырғанда өте аз болды. Бірінші бес жылдық жоспар кезінде (1953-1957)  ауыр өнеркәсіпке көбірек көңіл бөлінді (оның өндірісі 75 %-ға өсті) Алғашқы бесжылдықтың негізгі міндеттері келесілер болды:

  1. КСРО көмегімен 156 ірі нысандардың құрылысына бар күшті салу. Сондай-ақ социалистік индустриялизацияның негізі болып табылатын 694 ірі және орта кәсіпорындарды құру
  2. Ауыл шаруашылық және қолөнер кооперативтерінің құрылуын жылдамдату.
  3. Ұлттық капиталистік өнеркәсіпті мемлекеттік капитализм жолына қою.

Алғашқы бесжылдық кезінде ЖІӨ 1,57 есеге өсті.

1960 жылы Кеңес Одағы Қытайға көмек көрсетуін тоқтатып, елден өзінің техникалық мамандарын алып кетті. Ол кезде Қытай Батыс елдерінен көмек алған болатын (аштықтан зардап шеккендерге астық), олардың ішінде Канада және Австралия бар. 1961 пен 1965 жылдар арасында Қытай экономикасын қалпына келтіру Дэн Сяопин мен Лю Шаоцидің прагматикалық саяси бағытының негізінде жүргізілді. Жалпы өнеркәсіптік өнімнің көлемі жылына 17%-ға өсті, ауылшаруашылығында да жағдай түзелді. Бұл жағдайға себеп болған өндірісті басқаруда жоғары маманданған кадрларды пайдалану, ғылым жетістіктерін пайдалану және еңбек бойынша төлеу жүйесінің енгізілуі.

Қытай Халық Республикасына 1978 жылғы ҚКП Орталық комитетінің он бірінші кезекті, үшінші пленумы үлкен өзгерістер алып келді. Осы пленумнан кейін Дэн Сяопиннің басшылығымен біртіндеп халықтың мүддесін қорғайтын экономикалық реформалар жүргізіле бастады. Бұл реформаларды негізгі бес кезеңге бөліп қарастыруға болады:

1-кезең 1978-1986 жылдар аралығы;

2-кезең 1987-1991 жылдар аралығы;

3-кезең 1992-1997 жылдар аралығы;

4-кезең 1998-2002 жылдар аралығы;

5-кезең 2002 жылдан бастап қазірге дейін;

1978 жылға дейін Қытайдағы ауыл шаруашылығы дамуының капиталды жағдайы өте әлсіз болды, жеңіл және ауыр өнеркәсіптің арақатынасы диспропорциямен ерекшеленді. Реформа және ашықтық саясатын жүзеге асыру жылдары барысында Қытай үкіметі жеңіл өнеркәсіптің приоритетті дамуы, жоғары сапалы тұтынушылық тауарлардың импортын кеңейту, базистік өнеркәсіптік салалар мен инфрақұрылымды құруды күшейту, үшінші индустрияны жан-жақты дамыту үшін кешенді шаралар ұйымдастырды. Нәтижесінде экономикалық құрылым оңтайлана және жаңара бастады. Халық шаруашылығының түрлі салаларының арақатынасы елеулі жақсарды: бірінші индустрияның үлес салмағы  төмендеді, ал екінші және үшінші индустриянікі жоғарлады. Егер бұрын халық шаруашылығының өсімі негізінде бірінші және екінші индустрияның даму есебінен жүзеге асса, бүгін ол негізінде екінші және үшінші индустрияға арқа сүйеп отыр және екінші индустрия Қытай экономикасының қарқынды дамуының қозғаушы күшіне айналды.

Түрлі индустриялардың салаішілік құрылымында да үлкен өзгерістер орын алды. Ауыл мен орман, мал мен балық шаруашылықтарының жалпы өнімінде ауыл шаруашылығының үлес салмағы кеміп, орман, мал және балық шаруашылықтарының үлес салмағы жоғарлады. Жеңіл және ауыр өнеркәсіптің құрылымы басты көңілді тұтыну дефицитін жоюға бөле отырып, қарапайым формадан едәуір жетілген формасына біртіндеп көше бастады. Бұл жерде басты назар инвестициялық бағыттар мен проектілерге аударылды. Үшінші индустрияда транспорт, сауда және басқа дәстүрлі салалардың үлес салмағы төмендеп, жылжымайтын мүлік, сақтандыру, банк ісі, электрондық өнеркәсіп және ақпарттандыру салалары тез дамыды.

1987ж. шақырылған Қытай коммунистік партиясының  XIII съездінде, Дэн Сяопиннің қытайлық ерекшеліктері бар социализмді құру туралы теориясына сәйкес стратегиялық мақсатты бағдарлар жасақталды. Мұнда Қытай экономикасын құрудың 3 кезеңі белгіленген. Бірінші кезеңде ЖҰӨ-ді 1980 жылмен салыстырғанда екі есе өсіріп, халықтың тамақ және киім мәселелерін шешу. Бұл мақсаттар негізінде 80-ші жж. соңына таман орындалды. Екінші кезеңнің міндеті – XX ғасырдың аяғына қарай 1980 жылмен салыстырғанда ЖҰӨ-ді 4 есе өсіру. Екінші кезеңнің міндеті 1995 ж. мерзімінен ерте орындалды. Өз жұмысында жаңа бағыттарды белгілеу үшін Қытай үкіметі «Экономикалық және әлеуметтік дамудың тоғызыншы тоғызжылдық жоспарын  және 2010 жылға дейінгі перспективалық-мақсатты бағдарламасын» жасақтады. Тоғызыншы тоғызжылдықтың (1996-2000жж) басты мақсаты, модернизацияның екінші кезеңінің стратегиялық міндеттерінің толығымен орындау және халық санының  2000ж. 1980 жылмен салыстырғандағы өсімі шамамен 300 млн. болған шағында адам басына шаққандағы ЖҰӨ-ді 1980 жылмен салыстырғанда 4 еселеу; кедейлікті жою және халықты орташа өмір сүру деңгейіне жеткізу; кәсіпорындарды заманауи режимге көшіруді тездету және социалисттік нарықтық экономика жүйесінің негізін қалау. Перспективалық бағдарлама 2010 жылға қарай 2000 жылмен салыстырғанда ЖҰӨ-ді 2 еселеуге, халықтың тұрмысын орташа өмір сүру деңгейінде жақсартуға және социалисттік нарықтық экономиканың салыстырмалы жетілген жүйесін құруға бағытталған. Бұл мақсаттарға жеткен кезде қоғамның өндірістік күші, мемлекеттің жалпы қуаты және халықтың өмір сүру деңгейі тағы да бір жоғары деңгейге көтеріледі, әлеуметтік-экономикалық жағынан елде тарихи маңызы бар жаңа үлкен өзгерістер орын алады, ел модернизациясының үшінші кезеңінің  стратегиялық мақсаттарына  жету үшін мықты негіз салынады.

1992 жылы болған ҚКП XIV Бүкілқытайлық съезі Дэн Сяопиннің Қытай ерекшелігіне сай социализмді құру теориясының статусын партия және мемлекет үшін жетекші идея ретінде бекітті, экономикалық жүйені реформалаудың – социалисттік нарықтық экономика жүйесін құрудың — негізгі мақсаттарын қалыптастырды. Бұл реформаның басты бағыттары келесілер болды: реформалардың жан-жақты тереңдеуі, макрореттеу және макробақылау аясында бірқатар шаралар қабылдау, оның ішіне  қоғамдық меншіктің басымды ролін сақтай отырып, әртүрлі экономикалық секторлардың бірге дамуының негізгі жүйесін құру кіреді; сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық механизмдерінің трансформациялануын олардың өздігінен шаруашылық жүргізу құқығын кеңейту және мердігерлік жауапкершілік жүйесін енгізу арқылы жалғастыру, нарықтық экономика талаптарына сай және меншік мәселесінде, құқық және жауапкершілікте, административтік және өнірістік функцияларды бөлуде нақты ережелерді ұстанатын заманауи кәсіпорын режимі мен ғылыми негізделген басқару құру; бүкіл ел көлемінде қалалық нарықтарды ауылдықпен біріктіре отырып, ішкі нарық қажеттіліктерін әлемдікпен ұштастыра отырып, материалды ресурстардың оңтайлы орналасуын ынталандыра отырып, біртұтас ашық нарықтар жүйесін қалыптастыруға беталу; көбінесе жанама әдістерге жүгінетін макрореттеудің жетілген жүйесін құру мақсатында үкіметтің экономиканы реттеу функциясын өзгерту; «Жұмыс тиімділігі басымдығы және әділеттілікті есепке алумен, еңбек бойынша бөлу» қағидасына назар аудара отырып, табысты бөлу жүйесін жетілдіру; экономикалық дамуды ынталандыра алатын көпсатылы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін құру.

1997 жылы ҚКП XV Бүкілқытайлық съезінде қоғамдық емес экономиканың секторы Қытай социалисттік экономикасының маңызды құрамдас бөлігі деп аталды. Табысты бөлуде капиталдың, техниканың және басқа да маңызды өндірістік элементтердің қатысуын мадақтау экономикалық жүйені реформалау қарқынын елеулі түрде жылдамдатты. 1998 жылы барлық салалардағы реформа алға жылжи берді, сондай-ақ кейбір қиын мәселелерде маңызды қадамдар жасалды. Мысалы, олар — астық айналыс жүйесін реформалау, мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру және қаржы жүйесін реформалаумен байланысты мәселелер. Қалалық тұрғын үй жүйесін және медициналық сақтандыру жүйесін реформалау жобасы жүзеге асуда; инвестиция және қаржы-салықтық жүйелерін реформалау жобалары жасақталу үстінде. Мемлекеттік кеңес аппаратын реформалау сәтті өтуде, бұл жерде де елеулі жетістіктер байқалады.  Қазіргі таңда  Қытайда социалисттік нарықтық экономика жүйесі қалыптасуда, ресурстарды орналастыруда  нарықтың базистік ролі айқын күшейді, макрореттеу мен макробақылау жүйелерінің бастапқы түрі қалыптасты; экономика экстенсивті экономикалық өсу жолынан интенсивтіге көшуде. Осының барлығы 2010 жылға қарай Қытайда салыстырмалы жетілген социалисттік нарықтық экономика жүйесі құрылады, ал 2020 жылға таман жетілген түрге көшеді дегенге үміттендіреді.

2002 жылдың қарашасында Пекинде ҚКП-ң XVI съезі өтті. Бұны Қытай реформасының жаңа кезеңінің басы деп айтуға болады. Бұл кезеңнің міндеттері келесідей болды: социалистік нарықты одан әрі қарай жетілдіру, елдің индустриализациясын аяқтау, елдің ақпараттану дәрежесін өсіру, модернизация қарқынын жылдамдату, халықтың өмір сүру деңгейін жоғарлату, заманауи технологияларды дамыту, қызмет көрсету саласын өсіру, ауылды дамыту, өндіріс саласын одан әрі қарай дамыту, қаржы саласындағы реформаларды жалғастыру т.б.

Жалпы Қытай экономикасын реформалау кезінде меншік реформасы да үлкен роль атқарды. Бұрын Қытай экономикасы тек қоғамдық меншікке негізделген болатын, оның тіршілік әрекеттілігі жеткіліксіз болды. 1978 жылдан бастап елде реформа және ашықтық саясаты жүзеге аса бастайды. Қытай үкіметі қоғамдық меншіктің басымды ролін сақтай отырып, әртүрлі экономикалық секторлардың дамуын ынталандырады. Осының арқасында индивидуалды және жеке сектор экономикасы тез дамыды. 1997 жылдың аяғына қарай бүкіл ел бойынша 29,47 млн. индивидуалды және жеке кәсіпорындар тіркелді. Оларда 65,87 млн. адам жұмыс жасады. Шетел капиталының қатысуымен жұмыс жасап жатқан 236 мың. кәсіпорын тіркелді. Оларға 303 млрд. юань сомасы көлемінде шетел капиталы құйылды. Тіркелген жалпы капиталы 1,73 трлн. юаньге тең 680 мың акционерлік жүйенің және акционерлік кооперация жүйесінің кәсіпорындары тіркелді. Экономиканың бұл секторларының дамуы халық тұрмысының жақсаруында, құрылыс және шетелдік озық технологиялар және басқару тәжірибесіне кеткен қаражаттың орнын толтыруда маңызды роль атқарады. Мұнымен қатар қоғамдық меншіктің басымдық ролі де күшеюде. 1997 жылы елдің жалпы ішкі өнімінде қоғамдық меншіктің үлесі 75,8 пайызды құрады. Қоғамдық меншікті басты сектор ретінде сақтай отырып, түрлі экономикалық секторлары бірге дамитын құрылым негізі қалыптасты[2].

1.2 Экономикалық реформа бағыттары мен механизмдері

Аграрлық реформа. Қытай ауылдарындағы шаруашылық жүйесінің реформасы ең бірінші жарияланып, басқа сектор реформаларынан ерте басталып, ерте аяқталған болатын. Сондай-ақ бұл реформа ҚХР-ң басқа да әлеуметтік-экономикалық салаларындағы реформаға бағыт бағдар берген.

Аграрлық жүйедегі реформа ұғымын экономистер социалистік өндірістің даму қажеттіліктеріне сәйкес жүргізілетін халық шаруашылығының негізгі түрлерін қайта құру деп түсіндіреді. Шаруашылық жүйедегі реформаны қарастырғанда Қытай ғалымдары шетелдің тәжірибесін пайдалануға тырысты. Нәтижесінде Қытайдағы аграрлық реформа шетел үлгілерінің пайдалы және пайдасыз жақтарын ескере отырып, Қытай ерекшеліктерімен жаңа шаруашылық үлгісін жасады. ҚХР-дағы аграрлық реформаның теориялық негізі социалистік ел экономикасының қоғамдық жеке меншікке негізделген жоспарлы тауар шаруашылығы болып табылады, ал мақсаты біртіндеп тауар шаруашылығы негізінде ауылдық жүйеге көшіп экономиканың барлық салаларын қамтамасыз ету.

Сонымен 70-ші жылдардың аяғында Қытай ауылы әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа кезеңіне өтті. Оны жүйелі экономикалық реформалар дәуірі деп атады. Бұл реформаға негіз болған 1978 жылы желтоқсанда өткен үшінші пленум екенін жоғарыда атап өттік. Қытай коммунистерінің алдына қойған маңызды міндеті ауыл шаруашылығын тез қарқынмен дамыту, өйткені ол ел экономикасының негізгі саласы еді. Ауылда Қытай халқының 80 пайызы өмір сүреді, сонымен қатар олар жеңіл өнеркәсіптің 70 пайызын шикізатпен қамтамасыз етеді. 1980-жылы 14-22 қыркүйекте, партия орталығы өлкелік, қалалық, автономиялы аудандардағы парткомдардың бірінші хатшылары арнаулы мәжілісін ашып, ауыл шаруашылығы өндірісінің жауапкершілік формаларын кемелдендіру, күшейту мәселесін талқылады, әрі мәжіліс естелігін жариялады. Сөйтіп орталықтың құжатты формасымен отбасылық мердігерліктің мәнін тұңғыш рет айқын пайымдады.

Мұнда былай деп атап көрсетілген: «Социалистік өнеркәсіп, сауда және коллективті ауыл шаруашылығы мүлде басым иелеу шарт-жағдайында, өндіріс әрекеттерінің басшылығында отбасылық мердігерліктер құру социалистік арнадан ауытқу емес, қайта социалистік шаруашылыққа сүйену». Осылайша, ұзақ уақыттан бері адамдар алған өнімдеріне бірлестіріп, отбасына көмек беру идеологиясының қыспағынан арылды. Бұл құжатқа шаруалар оң көз қараспен қарады. Бұл жүйенің шаруаның жағдайын жақсартуы бүкіл ел көлемінде жалпы дамуды тездетті. 1980-жылы қараша айының басында, Қытай бойынша отбасылық мердігерлігіне өндірістің 15% бөлінді.

1982-жылы қыркүйек айында ашылған Қытай комунистік партиясының 12-пленумы отбасылық мердігерлік бағытын тағы бір рет тұрақтандырды. Сол жылы қараша айында партия орталығы ауылдың идеялық-саяси қызмет мәжілісін ашып, кезекті аграрлық экономика саясаты жөніндегі бірнеше мәселелеріндегі баяндамасын жасады, әрі 1983-жылы 2-қаңтар күні партия орталығының құжаты ретінде басып таратты. Осы құжат отбасылық мердігерлікті толық тұрақтандырды, әрі жоғары бағалады. Құжатта мыналар атап көрсетілген: партияның 11-кезекті 3-жалпы мәжілісінен бері, еліміздің ауылдық жерлерінде көптеген зор өзгерістер болды, мұның ішінде түрлі формадағы ауыл шаруашылығы жауапкершілік формалардың ықпалы терең еді, деседе отбасылық мердігерлік жауапкершіліктің негізгі түріне айналды. Отбасылық мердігерлік жауапкершілік формасы бір тұтас шаруашылық басқару мен оны бөліп басқару өзара ұштастыру принципін қолданып, коллективтің және жеке адамдардың белсенділігін танытты. Осы құжат жарияланғаннан кейін, 1983-жылы Қытайдағы аграрлық реформасы біршама дамыған жыл еді, отбасы мердігерліктері арқылы отбасының жағдайын жақсарту ауылдағы басты экономикалық формаға айналды. 1983 жылдың соңында мемлекет бойынша 175 миллион диқан отбасында осы мәселе жолға қойылып, диқан жанұяларының 94,5%-ын иеленді. [3]

Мұнда ең әуелі реформа ауыл шаруашылығының тез қарқынмен дамуын және ауыл шаруашылығы өнімдерімен жақсартуын қамтамасыз етті. Қатысты мамандардың өндіріс санды мәліметі бойынша жасаған баяндамасына қарағанда, 1978-жылдан 1984-жылға дейін ауыл шаруашылығының жалпы өнім құнын өзгермеген баға бойынша есептегенде 42,23% артқан, мұның 46,89%-ы отбасылық мердігерлік өнімділігінен болған, ал химиялық тыңайтқыштың өнімділігі 32,5 пайыз еді. 1978-жылдан 1984-жылға дейін астықтың жылдық өнімі 300 миллион тоннадан 400 миллион тоннаға артқан; Мақта 2 миллион 170 мың тоннадан 6 миллион 260 мың тоннаға, майлы дақыл 5 миллион 220 мың тоннадан 11 миллион 910 мың тоннаға жеткен. Мұнан қалса аграрлық реформасы диқандар кірісінің 15,1% пайызы құрады, диқандар кірісінің ең аз артқан мезгілі болды. Ауылдардағы кедей халық саны жылына 16,4%-ға тез қарқынмен азайды. 1984 жылы ауыл қыстақтардағы кедей халық саны 1978-жылғы жалпы халық санының 33,3% ұстайтын салыстырмадан 11%-ке төмендеді. Реформаның тағы бір өнімділігі ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету мен диқандар кірісінің артуы тұтас халық шаруашылығының артуына әсер етті. Санды мәліметке қарағанда, қытай халық шаруашылығының жылдық арту мөлшері 6%-ға жетті. Мұнда аграрлық экономикасының арту үлесі 37,3% болған, ал реформадан кейінгі 1978-жылдан 1988-жылға дейін халық шаруашылығының кірісі, жылына 9,2% артқан, ауыл экономикасының арту үлесі 63,7%-ке жеткен, қала реформасы жаппай өрістетілуден бұрын ауыл реформасының ілгері жүргізілуі ең әуелі диқандар отбасы мен ауыл-қалалық кәсіпорындары сияқты дамыған механизмі бар экономикалық тұлғаны қалыптастырып, базар шаруашылығын дамытуға негіз қалады. Тұтас экономикалық реформасын тездету үлгілік роль атқарды[3]..

Ауыл шаруашылық айналым түзіліс реформасы ең алдымен жоғары дәрежеде жүргізілді.

Қытай елінің ауыл шаруашылық реформасы жалпы тұлғалық жақтан мынадай екі түрге бөлінеді.

  1. Отбасылық мердігерлік арқылы жанұялардың жағдайын жақсартып, халық коммунасын әлсірету. Сондай-ақ диқандармен коллективтік қатынасын дамыту.
  2. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналым формасына реформа жасап, ауылда тауар шаруашылығын бар күшімен дамыту, сол арқылы жоспарлы шаруашылық формасынан нарық шаруашылығы формасына қарай біртіндеп өтуді жүзеге асыру.

1979-жылдан бері, ауыл шаруашылығы өндірісі жаппай тез қарқынмен дамыды.  Негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің қажетсінуді қамдай алмау жағдайы өзгеріп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымы реформалауды заттық негізбен қамдады.  1985-жылдан кейін,  аграрлық реформасы ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымының аграрлық реформасына қарай бағытталды, микро саладан макролық  салаға қарай кеңейді. Ауылдарда  өнімге бірлестіріп, отбасының жағдайын ауыл-қыстақтарда тауар шаруашылығының тұлғасын қалыптастырды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің аграрлық реформасын экономикалық негізбен қамдады. 1984-жылы ауыл шаруашылығы өндірісі тарихтағы ең жоғарғы орынға ие болды.

Аграрлық реформа барысында 80-жылдардың басынан бастап қазірге дейін тауар өндірісімен айналысатын арнайы аулалар, сондай-ақ түгел маманданған ауылдар және арнайы облыстар  пайда болуда. Оларға қызмет көрсету үшін маманданған нарықтар құрылды. Бұл өндірістік бірліктер мен бірлестіктер  Қытай ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастардың дамуына алғышарттар жасайды. Бұл маманданған бірлестіктердің жоғары тиімділігінің басты факторлары болып келесілер табылады: қаржы қаражатты, өндіріс құралдары мен еңбек күшін толық масштабта пайдалану, жеке шеберлердің толық, рационалды жұмысбастылығы, еңбек бөлінісі деңгейін оның өнімділігін көбейту мақсатында өсіру. Осы арнайы ауыл шаруашылық өндірушілеріне олардың шаруашылық жүргізу қызметіне елеулі еркіндік беру Қытай ауылдарында  шаруашылық бірлестіктерінің көптеген формаларының құрылуына жол ашты. Ауылшаруашылық бірлестіктер формалары келесідей принциптер негізінде қалыптасты:

  1. Территориялық ерекшеліктері бойынша бірлестіктер және ауданаралық типтес бірлестіктер
  2. Келесілердің бірігуі нәтижесінде құрылған бірлестіктер:
    • Еңбек
    • Ақша қаражаттары
    • Материалдық ресурстар
    • Жоғарыда аталғандардың араласып бірігуі

3.Өндірістік процесс сатылары бойынша құрылған немесе өндірістік сатыларға дейінгі және кейінгі бірлестіктер (қамтамасыз ету, қайта өндіру, сақтау, тасымалдау, техникалық қызмет көрсету, несие, ақпарат т.б.)

  1. Мамандандырылған және кешенді бірлестіктер
  2. Мүшелердің табыстарын келесілер негізінде бөлінетін бірлестіктер:
  • Еңбек үлесі
  • Пайлық принцип
  • Аралас принцип

Бірлестіктердің барлық түрі мүшелердің өз еркімен қатысу принципін сақтап, орталық жоспарға бағынып, мемлекет пен жергілікті билік органдарымен жасалған өндіріс көлемі туралы келісім шартты орындап, еңбек бойынша үлестіру принципін негізгі деп танып, шаруашылық құрылымының жергілікті басқарушыларымен пайлық табыстарды бөлуді келісіп алуы керек.

Нарықтық экономикаға біртіндеп көшу. Қаржы жүйесін реформалау Қытайда 80-жылдардың ортасында жүргізілді. Оның нәтижелерін толық елестету үшін Қытайдың бұрынғы және қазіргі қаржы жүйесін салыстырған жөн. Басты қаржыны жинақтаушы және бөлуші мемлекеттік бюджет болып табылады, басты қайнар көз кәсіпорындардың таза табысы (соңғы жылдары сыртқы сауда ролі жоғарлауда). Алайда қаржыны басқару жүйесі оның реформасынан кейін мемлекеттік бюджет инструментінен басқа жаңа механизм пайда болды – кәсіпорындардың шаруашылық жүргізу қызметі.

Көптеген Қытай ғалымдары 1976 жыл мен 1985 жыл арасында ҚХР-да болған қаржы реформасын  3 кезеңге бөледі.

Бастапқы 3 жыл Қытай қаржы жүйесін реформалаудың эксперименталды-дайындық кезеңі болып табылады. Бұл периодта тәжірибеде түрлі қаржы қатынастар формасы сыналды. Негізгі формалар:

А) Орталықтанған қалалар, провинциялар мен автономды аудандарда бірінші қаржы қатынасы жүйесінің формуласы келесі болды: «Табыс пен шығыстың тұрақты арақатынасы, оның жалпы сомасына бөлу». Яғни шаруашылық пайда түскен кезде оның бір бөлігі ауданда, шығыны көп жерлерде қалады, ал шығындардың тағы бір бөлігі мемлекеттік бюджеттен жабылады.

Б)Екінші форма – «табыс өсімін бөлу, табысты шығыстармен байланыстыру» — оң немесе теріс балансқа көңіл бөлінбеді. Алдыңғы жылға қарап, табыс өсімін салыстырды, содан соң табыс шығыстарға қарай  орталық бюджет есебінен немесе пайдасына үлестірілді. Бұл жағдайда аймақтық ынталандыру алдыңғы формамен салыстырғанда төмен болды.

В) Үшінші форма ерекше болды. Бұл форма эксперимент ретінде 1977 жылы Цзянсу провинциясында қолданылды. Ол бюджетке тұрақты аударымдарға негізделді. Бұл аударымдар аймақтардың тарихи қалыптасқан табысы мен шығысының үлесі бойынша анықталды. Бұл жүйенің толық атауы – «табысты шығыстармен байланыстыру, жалпы соманы бөлу, бірнеше жыл қолданылатын нормативті коэффициент». Бұл форма кейіннен мемлекеттің шаруашылық және мәдени жағынан оқшауланған елдің таулы аймақтарымен өзара есеп айырысуда қолданыс тапты.

Екінші кезең орталық пен шалғай аймақтар арасындағы қаржылық қатынас формасының жасақталуымен ерекшеленеді. Бұл «табысты шығыстан бөлетін сатылы жауапкершілік» деп аталатын жүйе болатын. Бұл жайында уақытша ережені ҚХР-ның Мемлекеттік кеңесі 1980-жылдың ақпанында басып шығарған. Жергілікті және орталық бюджеттің уәкілдігі кәсіпорындардың шаруашылық бағыну принципі бойынша бөлінді. Орталық бюджетке аударымдар, орталық және жергілікті бюджет арасында пайданы бөлу пропорциясы, өнеркәсіптік дотациялар көлемі 5 жыл бойы өзгеріссіз қалды. Орталық бюджеттің тұрақтылығы жоспардан тыс дотацияларды төлеуден бастартуы арқасында өсуімен қатар, мұндай қаржылық есеп айырысу формасының идеясы кәсіпорындардың толық өндірістік жауапкершілікке өту процесінің активизацияланған кезеңімен тұспа-тұс келді. Яғни, табыстар мен шығыстардың шектері орнатылды, оларды бұзғаны үшін аймақтар өздерінің қызығушылықтарымен жауап берді. Мемлекеттік бюджетке қаржылық аударымның осы формасын қабылдап, аймақтардың көбісі бұл жүйенің көптеген шарттарын өздерінің кәсіпорындарымен қатынасына сай трансформациялап алды. Осы арқылы олар кәсіпорындардың шаруашылық қызығушылықтары мен қаржылық дербестігін арттырды.

Бұл жүйе сәтті болып 1984 жылға дейін өмір сүрді. Ал 1984 жылы пайдадан аудару жүйесі бірегей салық механизмімен ауыстырылды. Бұл ҚХР-дағы қаржы реформасының 3-кезеңі болып келеді. Бұл кезеңге қытайлықтар 1978 жылдан бері дайындық жүргізген. Пайда үлесінен өзіндік қорларды қалыптастырумен бірге осы пайданы кәсіпорындар, жергілікті және орталық бюджет арасында бөлу принципін анықтау қажеттілігі туды. Сол кезден бөлудің жасақталған нұсқалары салықтық заңның негізіне енді.Алайда қаржы жүйесі реформасының үшінші кезеңінің бірінші бөлігі өтпелі болды. Бұл кезде қытайлықтар пайданы бөлу мен салықты үйлестірді. Яғни пайдаға бірінші салық заңында бекітілген тұрақты механизм бойынша салық салынды, ал қалған пайда белгілі формалардың бірі бойынша Орталық бюджет, жергілікті бюджет және кәсіпорын арасында бөлінді. Мұндай жүйеге Қытай үкіметі аса сеніммен қарамады, біріншіден бұл жүйе тек ірі рентабельді кәсіпорындарға қолданылды, екіншіден бір жылдан кейін ҚХР-ң салық саясаты екінші бөлімге көшіп кетті – пайданы бөлуді толығымен алып тастады, сондықтан тұрақты пайызды салықты дифференциацияланған немесе қалқымалы нормативтермен алмастырды.

Өнеркәсіпті басқаруды реформалау. Өзінің өнеркәсібі бар кез келген мемлекетте оны басқарудың екі деңгейі бар: өндірісті кәсіпорын деңгейінде және бүкіл ұлттық өнеркәсіп өндірісінің басшылығы деңгейінде. Бұның әсер ету дәрежесі түрлі факторлармен анықталады – ұлттық өнеркәсіптің мамандануы, оның халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу формасы, басты идеология (дамудың демократиялық концепциясына жақын болуы нарықтық механизмнің кең қолданылуы мен кәсіпорынның шаруашылығын басқарудың еркіндігімен тұспа-тұс келеді), уақыт жағдайы. Осы және басқа да факторлар өнеркәсіпті басқаруды қалыптастыруда тең дәрежеде әсер етеді, кейбір жағдайда кейбір факторлар басымды түрде әсер етуі мүмкін.

Қытайдың өнеркәсіпті басқару жүйесі негізінде 50-ші жылдардың басында қалыптасқан және кеңестік жүйеге ұқсас болды. Оны реформалаудың қажеттілігі 70-ші және 80-ші жылдарда пайда болды.

Өткізілген тәжірибелер мен олардың нәтижелерін бекітуден кейін ауыл шаруашылығынан кейін өнеркәсіпте де экономикалық жауапкершіліктің түрлі жүйесін енгізуге қолайлы негіз пайда болды. Дәлірек айтқанда, 80-ші жылдардың ортасына таман бұл жүйенің жетілдірілуі туралы мәселе қарала бастады, себебі 1982 жылдың қазан айынан бастап ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындардың 80 пайызы түрлі формалар шеңберінде қызмет жасай бастаған. Кең көлемде қолданысты өндірістік жауапкершілік жүйесі тапты. Ол алғаш рет «Шоуду» пекиндік металлургия комбинатында енгізілді және «кепілдік, жауапкершілік, тексеріс» деген атқа ие болды. Оның негізінде кәсіпорын мен жоғары тұрған органдар арасында және кәсіпорындардың өздерінің арасында келісім-шарттық-мәмілелік принципі жатты. «Тексеріс» пункті келісім шарт пен тиісті әкімшілік-қаржылық санкциялар жүйесін қатаң бақылауды білдірді.

Бұнымен қатар мемлекеттік сектордың орта және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы басқару жүйесін ауыстыру қажеттілігі туындады. Бұрын бұл жүйе директорлық жауапкершілік пен партиялық тұтқалардың өндірістік қызметінен тұрған болатын. Белгілі бір кезеңде өзін ақтаған жүйе 80 жылдардың соңына таман өзін толығымен әлсіретті және басшылықтың партиялық бөлігі қысқартылды.

Өзінің қорларын еркін пайдалану тәжірибесі Қытайда 1979 жылдан басталып, мемлекеттік өнеркәсіптік кәсіпорындардың табыстарын бөлу реформасының бір бөлігі болды. Оның басқа да құрамдас бөліктері келесілер:

  • Еңбек ақы қорының кәсіпорын өндіріс көлемі, өнім сапасы, пайда және келісім шарт жауапкершіліктері бойынша мемлекеттік жоспарды орындаған соң өзінің қорына ауыстыру.
  • Түрлі салаларда пайданың 5, 10 және 15 пайызын аударулар орнатылды. Осы аударымдардан құралатын қорларды өндірісті дамытуға, әлеуметтік қажеттіліктерді және премиальді төлемдерді еркін пайдалану мүмкіндігін беру.
  • Пайданы бөлуде түрлі жекелеген тәжірибелерден құралған эксперимент:

А) Мемлекеттік бюджетке пайдадан дифференциацияланған аударым.

Б)      Жоспардан жоғары пайданы бөлу

В)      Барлық пайданы бөлу

Г)      Пайданы аударудың бекітілген көлемі

Д)      Пайданы аударудың прогрессивті көлемі

Е)      Пайданы бөлудің тұрақты пропорциясы және т.б.

Бұл тәжірибелердің барлығы сол периодта белгілі бір экономикалық әсері болғанымен, бұл барлық тәжірибелер өтпелі сипатқа ие болды. Бұған қарағанда көп жағынан ең тиімді және әсері елеулі болған кәсіпорындарда салық механизмін дамыту пайдалану және құру.

Салық салудың бірінші кезеңінде заңға ешқандай өзгерістер жасалмай, бұрынғы жүйемен жұмыс істелінді. Жоспарлы пайданы тапсырған соң артық қалған бөлігіне салық салынатын болды. Бұл маңызды механизмді сәл түзеудің өзі бірқатар оң әсерін берді: біріншіден, шаруашылық жүргізушілерге  мемлекетке қайтарылуы тиіс пайданы түрлі жеке қорларға жасырын түрде салу едәуір қиындады. Рентабельді кәсіпорындар үшін пайданы бөлудің түрлі және қиындатылған әдістерінен нақты салық механизміне көшуі олардың жұмыстарын жеңілдетті.

Салық салудың екінші кезеңінде сауда-өнеркәсіптік салықты қосымша құн салығы, өнімге салық, тұз және кәсіп салықтары сияқты түрлерге бөлді. Осы кезең шеңберінде табыс салығы мен реттеуші салықтардың құрылымы өзгерді. Жаңа салықтың түрлері енгізілді: ресурсқа салық, қала құрылысына салық, құрылысқа салық, жер және көлік пайдалану салығы.

Өндірістік компаниялар құру кәсіпорындар арасындағы кооперацияны күшейтті.

1984 пен 1990 жылдар аралығында ҚХР-ң Мемлекеттік Кеңесі бірқатар шараларды жүзеге асырған болатын. Бұл шараларға жалпы мынадай ат беруге болады «Жекелеген кәсіпорындардың өндірістік қуатынан тұратын ұлттық өнеркәсіптік потенциалды есептік ішкі шаруашылық байланыстарын максималды тиімді пайдалану арқылы бірегей өндірістік механизмге жұмылдыру үшін талпыну». 80-жылдардың ортасына таман ауыл шаруашылығындағы сияқты, ұлттық өнеркәсіпте де 90-шы жылдардың басына қарай Қытай реформаторлары біртұтас, реттелген механизм құрды. Алайда нарықтық және социалистік принциптерді араластырып пайдаланғандығынан және кооперация масштабының әсерінен бұл механизм құрылымы тым күрделі болды.

  1. Реформа нәтижелері мен Қытай экономикасының қазіргі жағдайы

2.1 Экономикалық реформа нәтижелері

Елдің экономикалық өмірінде маңызды орын алатын нарықтық механизм қалыптасты. Мемлекет тарапынан реттеліп отыратын өнеркәсіп өнімдерінің түрлерінің үлесі 1978 жылғы 95%-дан қазіргі таңда 6%-ға дейін төмендеп кетті. Мемлекет тікелей реттеу механизмдерінен бас тартып, біртіндеп жанама әдістерді пайдалана бастады (салықтар, пайыздық қойылым, валюта курсы, ақша массасы). Қытай 2001 жылдың қарашасында ДСҰ-на кіру кезінде елдің экономикасын либерализациялау қажеттігі туды. Кедендік салықтарды төмендетуге және шетелдік серіктестердің тауарлары импортталған уақытта шектеулерді азайту керек болды. Дегенмен, ДСҰ-ға кіргеннен кейін Қытай көптеген артықшылықтарға ие болып, оның сыртқы сауда көлемі тез өсіп,  2001 жылғы 510 млрд. долл.-дан 2003 жылы 851 млрд. долл.-ға жетті. Бұл көрсеткіш бойынша Қытай әлемде 4-ші орынға шықты. Оның алдында тек АҚШ, ЕО және Жапония болды. Сондай-ақ елде тікелей шетел инвестициясының көлемі де артты: 2001 жылы 46,9 млрд. долл.-дан 2003 жылы 53,5 млрд.-ға жетті. Осы мәліметтерге қарағанда Қытай тек әлемдік экономикаға интеграцияланып қана қоймай, белгілі бір артықшылыққа ие болып, экономикасын дамытуда. ҚХР-ның экономикалық дамуының нәтижелері көрсеткендей ДСҰ-ға кірген уақыттағы 2002-2003 алғашқы екі жылда әлемдік нарықта бәсекеге қабілетсіз деп танылған көлік өнеркәсібі, керісінше тез қарқынмен дами бастаған. Автокөлік саудасының қарқыны 2002-2003 жылдары ішкі нарықта алдыңғы жылдармен салытырғанда 50 пайызға өсті[6].

Жыл сайын халықтың өмір сүру сапасы да өсуде. Шаруаның табысы 1978 жылғы 134 юаньнен 1995 жылы 1578 юаньге дейін өсті, жұмысшының жалақысы 615 юаньнен 3893 юаньге өсті. Шаруалардың табысының нақты (бағалардың жоғарлауын ескерген кездегі) орташа жылдық деңгейінің өсу қарқыны 7%-ды құраса, жұмысшылардікі – 5% болды. Осылайша әлеуметтік-экономикалық реформалардың сәтті болғандығын көруге болады[7].

Көптеген социологиялық зерттеулер көрсеткендей, 90-жылдары нарықтық қатынастардың дамуымен қатар, әлеуметтік дифференциацияда күшейді. Бір жағынан, бүкіл ел бойынша орташа табыс деңгейі өсті – 1978 жылғы 184 юаньнен 2003 жылы 4058 юаньге дейін өсті, сондай-ақ қалада 1978 жылғы 405 юаньнен 2003 жылы 8265 юаньге жетті, ал ауылда 1978 жылғы 138 юаньнен 2003 жылы 2399 юаньге жетті. Екінші жағынан, кедейлер мен байлар арасындағы табыс алшақтығы өсіп отырды. Нәтижесінде, Қытайда орта таптың қалыптасуы өте баяу жүріп жатыр. Батыстық әлеуметтік стратификация теориясы талаптарына жүгінсек, Қытайдағы халықтың көпшілігін орта тапқа жатқызу мүмкін емес, ең көп дегенде тек төменгі орта тапқа ғана жатқызуға болады.

1995 жыл 2000 жыл 2010 жыл 2030 жыл 2050 жыл
Халық саны млн. адам 1211,0 1280,0 1380,0 1480,0 1560,0
Табиғи өсім, % жылына 1,055 1,00 0,8 0,5 0
Қалалық және ауылдық халық үлесі 29,5:70,5 30:70 35:65 50:50 70:30
Сауатсыздар саны, % 25,5 22,5 18,5 8,5 0

Дегенмен, Дүниежүзілік Банк мамандарының бағалауы бойынша, кедей халықтың саны азаюда. Мысалы, 1990 жылы 360 млн., 1999 жылы 223 млн., 2003 жылы 151,9 млн. Жалпы Қытайдың демографиялық жағдайына келсек, 1995 жылы ҚХР халық саны 1,21 млрд. адамды құраған(әлем халқының 1/5 бөлігі). ыр[8]. Жалпы Қытай халқының болжанған өсім динамикасы:

Дегенмен, дамыған және дамушы елдердің ЖІӨ құрылымын Қытаймен салыстырғанда бұл елдегі 1-ші және 2-ші сфера үлесі айтарлықтай үлкен екендігін көруге болады. Қытайдағы реформадан кейінгі өзгерістерге көз жүгірттік, алайда реформаның негізгі ерекшелігі ауыл шаруашылығындағы өзгерістер арқылы көрініс табады. Сондықтан жұмыста ауылдың өсу динамикасына көп көңіл бөлінді. Сондай-ақ Қытай экономикасындағы ең маңызды орындардың бірі өнеркәсіп саласынағы реформа нәтижелеріне тереңірек үңілейік, әсіресе оның ішінде энергетика саласына.

Ауыл шаруашылығына бұл шаралар тез, әрі оң әсерін берді. Өндірістің елеулі өсімі байқалды. Қытай өзінің өте үлкен халқын азық-түлікпен қамтамасыз етіп, өнеркәсіпке шикізатты жеткізуді өсіре алды. Ауылда жасалған реформалар ауыл шаруашылығындағы бір реттік жылдам өндірістің өсуіне ықпал етті және бұл реформалар өзінің тарихи тенденцияларына сай даму үстінде. Мемлекеттік сектордың сақталуына қарамастан мемлекеттік емес сектор өсуде. Негізінде тез экономикалық өсімді мемлекеттік емес ауыл шаруашылықтық емес секторлар қамтамасыз етіп отыр. Қытайдағы ауыл шаруашылығының дамуының елеулі көрсеткіштерін келесі кесте көрсетеді.

1990-жылдың басында Қытай ауыл шаруашылығы және ауыл экономикасы көптеген қиындықтармен кездесті, алайда дамудың оң үрдістерін сақтай білді. 1996-2000 жылдарда  ауыл шаруашылығының ЖҰӨ бойынша қосылған құны 5 жыл бой 7,12918 трлн юаньді құрады. Салыстырмалы бағалар бойынша, орташа жылдық өсім 3,5% құрады, тұрақты даму тенденциясы сақталынды. Бірнеше жыл қатарынан астық және басқа да ауыл шаруашылық өнімдері жақсы алынды. 2003 жылы егіс алқаптарының азаюы және табиғи апаттардан астық өндірісі белгілі бір дәрежеге қысқарды, дегенмен 430,70 млн. тоннаға жетті. Қазіргі таңда Қытай астық, мақта, рапс, арахис, ет, жеміс өндірісінен әлемде бірінші орынға шықты.

Қытай ауыл шаруашылық саласында дамыған елдермен ғылыми техникалық айырмашылықты азайтуда, қазіргі таңда ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің ауыл шаруашылығындағы тиімділігі 42%-ға жетті. Ауыл шаруашылықтық ғылыми-техникалық ведомстволар биоинженерияда, ғылыми сыйымдылығы жоғары техникада, фундаменталды зерттеулерде үлкен жетістіктерге жетті. Қытай мата мен өсімдік жасушаларын өсіру, гүл мен емдік өсімдіктерді өсіру, гаплойдтық селекция мен қолданбалы зерттеу салаларында әлемде алдыңғы қатарларда келеді. Күріш пен жүгеріні басқа культуралармен будандастыру және топырақты жете тазалап, культураларды жылына бірнеше рет өсіру техникасы әлемдік алдыңғы қатарлы деңгейге жетті. 1949 жылы Қытай ғалымдары агрономиялық культураның 40 түрін, шамамен 5 мың ауруларға төзімді және жоғары өнімді жаңа сорттар мен комбинациялар шығарды, 4-5 есе алдыңғы қатарлы ауылшаруашылық культуралары жаңартылды, әр жаңарту өнімділікті 10-30 %-ға жоғарлатты. Қазіргі таңда Қытайдағы астық өнімділігі 4,82 тонна/га-ға жетті.

Мемлекеттік ведомстволар бірнеше ғылыми-техникалық жоспарлар орындауда – «Ұшқын» бағдарламасы, нақты өндіріске ірі жетістіктерді енгізу жоспары, «Өнімділік» және «Жалын» жобалары тікелей ауылдағы экономиканы құруға бағытталған. Бұлар ауылдарға алдыңғы қатарлы технологиялар мен техникаларды енгізуге мүмкіндік береді, оларды әр отбасыға жеткізеді, сол арқылы ауылдың ғылыми-техникалық деңгейін жоғарлатуда маңызды роль атқарды.

2.2 Қытай экономикасының қазіргі жағдайы

2001 жылы Қытай ДСҰ-ға ресми мүше болған соң, ауыл шаруашылық бәсекелестігін арттыру үшін үкімет ауыл шаруашылығын қайта құру стратегиясын жүзеге асыруда, ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы, ғылыми-техникалық жаңалықтар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өнеркәсіптік бағытқа көшіру үшін қаржы мен материалдық ресурстар құйылуда. Ғылым мен техника министрлігінің ұсынылған негізгі ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу жобасы 10-бесжылдықтың басты ғылыми-техникалық бағдарламаларының қатарына енгізілді. Ол бойынша астық, май шикізаты, жеміс, көкөніс, мал шаруашылық өнімдері,  орман шаруашылығы өнімдері және т.б. ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге арналған маңызды технологиялар мен құрал-жабдықтарды зерттеуді жалғастыру, процесс сапасы мен ауыл шаруашылық өнімдерін экспресс-сараптамасына арналған технологиялар мен құрал-жабдықтарды қадағалау жүйесін жасақтау қарастырылған[5].

1979 жылы Қытайдың реформа мен ашықтық саясаты басталған соң, өнеркәсіп те жоғары қарқынмен дамуда. 2003 жылы тауар айналымы 5 млн. юань және одан да жоғары барлық өнеркәсіптік мемлекеттік және мемлекеттік емес меншіктегі  кәсіпорындардың қосымша құны 4,1045 трлн. юань құрады, пайда 815,2 млрд. юаньнан асты, сәйкесінше алдыңғы жылдан 17% және 42,7%-ға жоғары, сондай-ақ сапа мен тиімділік қарқындарының синхронды дамуына  жақсы жағдайлар туындағаны байқалды. 1996 жылдан бері болат, көмір, цемент, химиялық тыңайтқыштар және телевизорлар өндіріснен Қытай әлемде бірінші орынға шықты

Өнеркәсіптік салалардың ішінде қарқынды дамып жатқан электрэнергетикасы, оның ішіне жылу, гидро- және атом энергетикасы кіреді. 1990 жылдан бастап барлық энергоблоктардың қуаты 100 млн. кВт-тан 300 млн. кВт-қа дейін өсті, 2003 жылдың аяғына таман 385 млн. кВт-қа жетті, электр қуатын өндіру 1,9108 трлн. кВт-ты құрады. Қазіргі таңда Қытай әлемде энергоблоктардың қуаттылығы мен электр қуатын өндіруден екінші орында.

Кесте 4

Өнеркәсіптік тауарлардың негізгі түрлерінің өсімі

Өнім Бірлік 1986 1996 2002 2003 2006
Көмір Млн.тонн 618 1080 998 1380 1670
Мұнай Млн.тонн 104,05 138,31 163 167 169,6
Электр қуаты Млрд. кВт/сағ 256,6 621,2 1355,6 1654 1910,8
Болат Млн.тонн 31,78 66,35 128,5 182,37 222,34
Цемент Млн.тонн 65,24 209,71 597 725 862,27
Автокөлік Мың. дана 149,1 514 2070 3251 4444
Ауыр және орташа тракторлар Мың. дана 113,5 39,4 41 45,4 48,8
Түсті теледидарлар Мың. дана 3,8 10330,4 39360 51550 65414
Химиялық талшықтар Мың. тонна 284,6 1654,2 6940 9912 11811
Иірілген жіп Мың. тонна 2382 4626 6570 8500 9836
Мата Млрд.м 11,03 18,88 27,7 32,24 37,46
Қант мыңтонна 2270 5820 7000 9260 10840
Күкірт қышқылы мың тонна 6610 11970 22270 30500 33710
Химиялық тыңайтқыштар мың тонна 8693 18797 31860 37910 42009
Этилен мың тонна 380 1572 4700 5430 6118
Чиптер Млн. дана 30 110 5880 9630 14830
Бағдарламалық коммутаторлар мың дана 71360 58607 73799
Ұялы телефондар Мың дана 52479 121646 182314
Микро-ЭЕМ Мың дана 82 6720 14635 32167

Электр желілерін салу Қытай тарихында ең тез даму сатысында тұр; масштабы жағынан әртүрлі электр желілері қалалар мен ауылдың көпшілігіне таралған. Қазіргі таңда Қытайдың солтүстік батыс бөлігін есептемегенде, 6 провинция аралық және аймақ аралық электр желілері және 5 провинциялық деңгейдегі 500 кВт-тық дербес электр желілері салынды.  Осының барлығы электр энергетикасындағы жаңа кезеңді сипаттайды. Яғни ол дегеніміз ірі агрегаттар, ірі станциялар, ірі желілер, аса жоғары қуат және автоматтандыру.

Нарықтағы электр энергиясының жеткілікті ұсынысына көмір өнеркәсібіндегі өндіріс қуаттарының қарқынды өсімі септігін тигізді. 80-ші жылдардан бастап Қытай үкіметі ірі заманауи көмір шахталарының құрылысына қомақты қаржы бөлуде. Бұл көмір өндірісіндегі өндіріс қуатының біртіндеп жоғарлауына септігін тигізуде. 1989 жылдан бері Қытай жылына 1млрд.  тонна деңгейінде көмір өндірісін ұстап келе жатыр, сәйкесінше бұл халық шаруашылығының даму қажеттіліктерін қанағаттандырады. Көмір өнеркәсібінің техникалық деңгейі де үздіксіз жоғарлауда, нәтижесінде қазіргі таңда Қытайдың ондаған миллион тонна өндірісі бар ірі көмір кеніштерін, сондай-ақ ірі және орташа шахталарды проектілеу, салу, жабдықтау және басқару потенциалы бар. Көмірдің түрлі сорттарын байыту технологиялары мен әдістері үздіксіз жақсаруда. XXI ғасырдың басында көмір экспорты 80 млн. тоннадан асты. Қытай әлемдегі көмір жеткізуден 2-ші орынға шықты.

Мұнай және газ Қытайдың маңызды энергия ресурстары болып табылады. 1995 жылы мұнай өндірісі 150 млн. тоннадан асып түсті, 1997-2003 жылдары өндірістік қуат жеті жыл қатарынан жылына 160 млн. тоннаны асып түсті. Бұл әлемде бесінші орын. Мұнай өнеркәсібінің дамуы  жергілікті экономика мен аралас салалардың дамуын ынталандырды – машина жасау, болат балқыту, көлік. 1996  жылы табиғи газ өндірісінің қуаттылығы 20 млрд. куб. м.-ден асып түсті, 2003 жылы ол 35,02 млрд. куб. м.-ге жетті[5].

Қытай экономикасы дамуындағы айтқысыз жетістіктер — әлемдік тарихтың соңғы онжылдықтардың маңызды құбылыстарының бірі. Реформалар кезінде (1979-1999 жж.) ЖІӨ көлемі 5,7 есеге өсті, яғни орта есеппен 9,6 пайызға жыл сайын өсіп отырды. Жан басына шаққандағы ЖІӨ өндірісі 4,4 есеге өсті, еңбек өнімділігі (бір жұмысбастыға ЖІӨ) 3,6 есеге өсті. 1999ж. ЖІӨ көлемі 1 трлн. АҚШ долларынан астам болды[9].

                                   ЖІӨ динамикасы, 1991-2003 жж. (%)

Осындай көлемді оң жетістіктерге әкелген негізгі факторларға келесілерді жатқызуға болады:

  • Қытай бар күшін өткенді бұзу мен сынауға емес, жаңаны құруға бағыттады.
  • Реформа әуелбастан адам мен оның қажеттіліктеріне бас бұрды. Халықтың азық-түлік пен кең қолданыс тауарларына деген негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру міндеті жаңадан құрылған шаруашылық жүргізу құрылымының қызметінде басымды болды. Бұл халықтың реформалардың бас кезеңдерінде-ақ оны қолдауын қамтамасыз етті.
  • Реформалаудың басты әдісі экономиканы жаппай либералдау емес, эволюциялық, сатылы, эксперименталды тексерістер арқылы нарыққа көшу болып танылды.
  • Реформаның алғашқы жылдарының тәжірибесіне қарағанда, нарыққа апаратын табиғи жол – меншік формасы бойынша түрлі шаруашылықтарды дамыту: коллективті, жеке тұлғалық, жеке, бірлескен (шетел қатысуымен). Бұл жолмен жылжу арқылы нарық субъектілерінің тез өсімін қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ ұлттық шаруашылық құрылымын меншік формалары бойынша өзгерту арқылы инвестиция мен өндірістің құрылымын экономика мен әлеуметтік саланың нақты талаптарына қарай реттеуге болады;
  • Нарық субъектілері бар мемлекеттік құрылымдарды жою арқылы емес, негізінен бос тетіктерді жаңа коммерциялық құрылымдармен толтыру арқылы қалыптасты, яғни бастапқы қадамдардан бастап реформа экономиканың дефицитін азайтуға жұмыс жасады. Бұл мақсаттар үшін тек ішкі резервтер ғана мобилизацияланған жоқ, сонымен қатар шетел капиталы да белсенді түрде тартылды;
  • Микро деңгейде шаруашылық бастамаларды ынталандырып, мемлекет басшылары экономиканы макро реттеуді қолдан жібермеді және оның тепе-теңсіздігінің қауіпті өсуі кезеңінде бірден қарсы шаралар ұйымдастырды;
  • Өздерінің және шетел тәжірибесін зерттеп, үкімет реформаны өзгелердің әдістері арқылы жасамау керек деген тұжырымға келді. Қытай өз ерекшеліктеріне сүйене отырып, “социализмді қытай ерекшеліктерімен құру” жолына түсті. Бұл шектелген ресурстар жағдайында халық санының көптігі сияқты маңызды факторды ескерді.

Қытайдың жоспарлы шаруашылықтан нарықтық жүйеге көшудегі негізгі стратегиясы біртіндеп шешім қабылдауды орталықсыздандыру, сондай-ақ мемлекеттік емес экономиканы либерализациялау болды.

“Екі торапты” әдіс – жоспарлы бағытпен қатар нарықтық бағытты құру – бұл барлық салалардағы шешім қабылдауда қолданылады: экономика секторындағы реформа, бағаның мемлекеттің араласуынсыз орнатылуы, кәсіпорындарды реконструкциялау, аймақтық даму, сауданың дамуы, валюта айырбасын басқару, орталық және жергілікті басқару органдарының арасындағы фискалдық қатынастар, ұлттық валютаны шығару. “Екі торапты” бағытқа ауысудың әдеттегі үрдісі келесілерден тұрады:

  • Жоспарлы төмен бағамен мемлекеттік жеткізудің көлемін өзгертпей ашық нарықты құру;
  • Нарықтық баға деңгейіне жету үшін бірте-бірте жоспарлы бағаларды өзгерту. Жоспарлы бағалармен жоспарланған жеткізулерге, егер олардың уақыт өте келе көлемі өзгермесе, әдетте квота орнатылады. Әдетте, екі түрлі бағаның іспеттестігінің “шок” тудыруы байқалмайды. Мұндай жол 1978 жылдың соңында ауыл шаруашылық секторын тез, әрі жалпы либерализациясы кезінде енгізілді. Ал бұл кезде өнеркәсіптік сектор дәстүрлі орталықтан жоспарлы басқару жағдайында қала берді.

Қытайлық “екі тораптық” әдістің жағына қолдайтын аргумент келесідей болып келеді. Экономикалық өзгерістер елеулі жылжулармен байланысты, сондықтан өтпелі кезеңде ұлттық шаруашылықтың басына келетін соққылар күшін амортизациялаған жөн. Нарық либерализациясымен байланысты жаңа мүмкіндіктер пайда болмайынша,  экономиканың бұрынғы секторларын қорғаған жөн. Бұрынғы секторлар тиімділігі аз болғандықтан  бәсекелестік нәтижесінде жаңалары оны ығыстырады. Бірақ бұл жұмысшылар өз еркімен ескі кәсіпорындардан жаңа және тиімділігі жоғарырақ мемлекеттік емес кәсіпорындарға көшуіне қарай бірте-бірте жүзеге асады.

Қытай экономикасы құрылымының “артта қалу артықшылықтарына” толықтыру ретінде басқада факторлар болды. Олар динамикалық өсім көрсеткіштеріне ықпал еткен. Олар:

  • Реформаның басы терең макроэкономикалық кризис пен қатал үнемдеу тәртібін ұстануды талап ететін елеулі сыртқы қарыз кезеңіне сай келмеді;
  • Қытайдағы жинақтау нормасы тіпті шығысазиялық стандарттар бойынша өте жоғары болып келеді. Отбасылық жинақтардың жоғары нормасы Қытай экономикасын тұрақтандыруда маңызды роль атқарады.
  • Екі радикалды науқан – “алға жылжудың үлкен серпілісі”(1958-1962 жж.) және “мәдени революция”(1966-1976 жж.) – марксистік догмаға сенімді жойып, мемлекеттің административті әсерін әлсіретті және мемлекеттік жоспарлау саясатының беделін түсірді. Бұл екі апаттың салдары Дэн Сяопинге, ол билік басына үшінші рет 1978 ж. келген кезде экономика және ресурстарды үлестіру саласында провинцияларға формальді және формальді емес билік тізгінін беруге мүмкіндік берді. Орталық үкімет пен партиялық аппарат орталықсыздандыру саясатына қарсы тұру үшін өте әлсіз және беделі төмендеп кеткен болатын.
  • Отанда және шетелде тұратын қытайлықтардың арасындағы отбасылық байланыстың болуы бизнестің дамуын жеңілдетті. Оңтүстік Қытайда арнайы экономикалық аймақтардың тез дамуы (ЕЭА) Гонконг пен Тайваньнан, бұл өнеркәсіп салаларында басымдықтарын жоғалтқан еңбек сыйымдылығы жоғары кәсіпорындарды жаппай көшірудің нәтижесі болып табылады. Қытай жақын орналасқан, жалақы ол жерде төмен болған және Оңтүстік-Шығыс Азия сияқты балама орындарға қарағанда тіл проблемасы туындамаған. Менеджерлер ЕЭА-та орналасқан өздерінің фабрикаларындағы жұмыс барысын бақылауға мүмкіндіктері болды. Сенімді жергілікті инспекторлардың болуының, жергілікті ережелер мен жергілікті билікпен байланыстардың арқасында отбасылық байланыстар қаржылық операциялардың инвестицияларымен байланысты құнды елеулі қысқартты. Қытайдың тез қарқынмен дамуына басты себеп – экономикалық саясат сипаты. 1979-1999 жж. Мемлекетте реформалар біртіндеп және кезекпен жүзеге асты. Олардың либералдығы мен радикалдық дәрежесі әлем тарихында баламасы жоқ. Тәжірибеде либералды экономикалық модельді қолдану нәтижесі барлық бағыттардағы мемлекеттік ауыртпалықтың масштабын төмендетті. Бұл Қытай экономикасының рекордты өсім қарқынын қамтамасыз етті.

Бізге белгілі болғандай Қытайдағы реформа 1978 жылдан бастау алды. Бұл уақыт ішінде (21 ғасыр басына таман) мемлекеттің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ), инфляцияны ескергенде нақты шамамен 8 есеге артты (шамамен жылына 10 пайыз). Мақта, көмір, цемент, әйнек, азық-түлік тауарлары, болат және тағы басқа сияқты базалық тауарлар өндірісінен Қытай әлемде бірінші орынға шығып үлгерді.

Халықтың нақты табысы жыл сайын 7,7 пайызға өсіп отырды (бұл 9 жыл сайын өмір сүру деңгейінің екі еселенуі). Ал мұндай «тоғызжылдықтардың» үшеуі өтті, сондықтан қытайлықтардың қаншалықты өмір сүру деңгейлері өскендігін есептеу қиын емес. Шамамен 6 есе.

Мүлкі жоқ халықтың саны 1980 жылғы 300 млн-нан 21 ғасырдың басына таман 40 млн-ға дейін азайды.

Ауыл шаруашылығында өте үлкен алға жылжу болды. Аграрлық өнім реформа уақытында 4 есеге дейін өсті. 1990 жж. бірінші жартысында өнімдік карточкалар жоқ болды. Оған қоса, Қытай көптеген ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортын өсіре бастады.

Өнеркәсіптегі табыстар да елеулі болды. 1990 жж. өнеркәсіпке құйылған инвестиция көлемі шамамен 7 есеге өсіп, 17 трлн. юаньді құрады. Реформа жылдары кезінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 19 есеге өсті. Қазіргі таңда жеңіл өнеркәсіптің үлесі ауыр өнеркәсіппен теңесті. Реформа басынан бастап  жеңіл өнеркәсіптің өнім көлемі 25 есеге өсті, ал ауырдікі 15 есете өсті. Көмір өндірісі 627-ден 1100 млн т-ға өсті(әлемде тұрақты бірінші орын).

Элктр энергиясын өндіру 256,6 млрд кВт/сағаттан (1978ж) 1166,2 млрд-қа 20 ғасыр аяғында өсті, яғни 5 есеге өсті.

Өңдеуші өнеркәсіп елеулі түрде модернизацияланды. Қытай қазіргі таңда көптеген заманауи технологияларды өндіруден әлемдік лидер болды. Электроника, компьютер, ақпараттық құрал жабдықтар өндіруде биік шыңдарға жетті. Авиақұрылыс, космос өнеркәсібі, атом өнеркәсібі маңызды рольдерге ие бола бастады.

Көлік пен байланыс дамуында елеулі алға жылжулар байқалды. 21 ғасырдың басына таман темір жол ұзындығы 57,9 мың км., автомобиль жолы 1352, су жолы – 116,5, әуе жолы – 1522 мың км.,оның үштен бірі сыртқа әуе жолына келеді. Мұнай және газ құбырларының ұзындығы 25 мың км-ге жетті.

Бүкіл мемлекет бойынша әлемдік ең мықты магистральдарына дес бермейтін жоғары жылдамдықты автомагистральдар жүйесі құрылды.

Телекоммуникация саласында нағыз революция орын алды. 1980 ж. 100 адамға 0,43 телефон аппараты келді. Қазір шамамен – 15[1].

Жалпы қорыта айтқанда Қытай Халық Республикасының әлемдік деңгейде жетістікке жетуіне оның кемшілігі себепкер болып отыр десек қателеспейміз.

Елдегі жұмыссыздықтың салдарынан, жұмыс күшінің ұсынысының көп болуы, шетел инвесторларының қызығушылықтарын тудыруда. Мысалы, түрлі бағалаулар бойынша, Қытайдағы өндірістік салада орташа жалақы сағатына 0,6-дан 1,2 долларға жетеді. Бұл көрсеткіш басқа дамушы елдердегі көрсеткіштермен салыстырғанда аз. Мексиканың өзінде бұл көрсеткіш 2 долларға тең. Осылайша, жұмыс күшінің арзандығы шетел инвестицияларының ағылып келуінің басты факторы болып келеді. Бұл өз кезегінде елдегі өндіріс пен басқа да салалардың дамуына өзінің оң әсерін беруде. Қытай экономикасының әлемдік нарықты жаулап алуының тағы бір басты құралы ұлттық валюта юаньнің төмендетілген бағамы болып отыр. Экономикалық заңдылыққа сәйкес елдің валютасы бағамының төмендігі, ол елдің тауарларының сыртқы нарыққа төмен бағамен шығуын қамтамасыз ететін бірден-бір фактор. Қазіргі таңда АҚШ және Еуроодақ елдері Қытай елімен юаньнің валютасын төмен бағамын жоғарлату төңірегінде келіссөздер жүргізуде. Алайда Қытай бұл қадамға баруға асығыстық танытып отырған жоқ.  Сонымен Қытай экономикалық жетістіктері басқа ешбір елде жоқ бағытта дамып, салыстыруға келмейтін саясат ұстанғандығын байқауға болады.

Қорытынды

Қытай Халық Республикасынының экономикасының ерекшеліктерін қарастырғаннан соң, келесідей қорытындылар жасауға болады:

  • Қытай Халық Республикасының соңғы жылдардағы айтарлықтай үлкен жетістіктері ел ерекшеліктеріне сай жүргізілген реформалардың нәтижесі екендігі белгілі болды. Реформа кезінде оның ең алдымен ауыл шаруашылықтан басталуының өзі саясаттың дұрыс таңдалғандығын көрсетеді. Оған себеп ауыл шаруашылығының дамуы басқа да салалардың дамуына түрткі болуы. Себебі ауыл шаруашылық саласы басқа салаларға шикізат жеткізіп тұратын басты сала болған. Қазақстандағы реформалармен салыстырсақ, негізінде біздің үкіметіміз үлкен назарды ауыл шаруашылығын дамытуға аударуда. Бәлкім Қытайдағыдай ауыл шаруашылығынан басталған реформалар өз нәтижесін бергендей, біздің елдегі саясат та осындай оң нәтиже береді. Қытайдағы реформаның басты ерекшелігі Қытай ерекшеліктеріне сай социализм құру
  • Реформаның қазіргі нәтижелерін қарастыра отырып, оның басты ерекшелігі ауыл шаруашылығының реформасы. Сонымен қатар Қытайдың қарқынды дамуының басқа да факторлар, арзан жұмыс күші мен ұлттық валюта юаньнің төмендетілген бағамы болып отыр десек қателеспейміз.
  • Жұмыс барысында Қытай алдында тұрған өткір мәселе энергетика саласы екендігін байқап, осы тұста Қазақстан үшін Қытаймен серіктесіп жұмыс істеу екі елдің болашақтағы стартегиялық бағыты екендігіне көз жеткізуге болады. Шикізат ресурстарына бай Қазақстанға Қытайдың танытып отырған қызығушылығы мол екендігін байқау қиын емес.
  • Қытай елі көптеген көрсеткіштер бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы елдерін озып келе жатқандығы да айқын. Сондықтан Қытай елінің әлі әлеуметтік мәселелерді шешіп, барлық көрсеткіштер бойынша көшбасшы ел болуға толық мүмкіндігі бар. Атап өтілгендей көптеген сарапшылар бұл елдің Жапония мен АҚШ сияқты елдерді басып озатындығын мойындауда. Қытай елінің АҚШ сияқты қуатты елдердің нарықтарын өзінің арзан тауарларымен жаулап алуы, осы көшбасшылықтың алғышарты десек қателеспейміз. Қытайдың қарқынды дамыған экономикасы оған тек қана аймақтық емес, әлемдік көшбасшы болуға да мүмкіндік береді. Бұған жұмыста келтірілген мәліметтер дәлел.
  • Дегенмен жұмыста көрсетілгендей Қытайдың экономикасы қарқынды дамығанымен, ол елде де көптеген шешілмеген мәселелер бар екендігін білдік. Жалпы экономикалық көрсеткіштер өскенімен, өмір сүру деңгейнің төмендігі Қытай елінің басты шешілуі тиіс мәселелерінің бірі болып қала бермек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Селищев А.С., Селищев Н.А. Китайская экономика в XXI веке. – СПб.: Питер, 2004. – 240с.: ил.
  2. Справочник-Китай// Издательство “Синь син” 1999 год
  3. Мейірманова Г.А. Қытайдағы аграрлық реформаның жүргізілуі(1978-2000 жж.)//ҚазНУ хабаршысы, Тарих сериясы — 2002 жыл -№1-115-117- беттер.
  4. Ли Ли и Кондрашова Л. Демократизация прав собственности: китайский вариант//Проблемы теории и практики управления – 2003 год-№ 2-24-30-стр.
  5. Справочник — Китай//издательство “Синь син” 2004 год
  6. Яо Цзинъюань: новые проблемы, стоящие перед экономикой Китая — china.org.cn
  7. Чжоу Синьчэн Экономическая реформа в Китае: достижения и задачи — http://chinapro.ru
  8. Дорога в Поднебесную: Made in China — http://k2kapital.com
  9. Хуан Дингуй Китай: подходы и особенности экономических преобразований — http://chinapro.ru
  10. Рахимов Р.К. Современная ситуация в нефтегазовой промышленности Китая//АльПари-2003 год- №3-4 -124-128 стр.
  11. Қаражанова Ж. Қ. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының сауда-экономикалық қатынастары//ҚазНУ хабаршысы, Тарих сериясы. — 2005жыл — №3(38) – 89-92-беттер
  12. Садуақасов А. Қытай экономикасның құпиясы неде?//Дала мен қала — 2005 жыл-№20 -4-бет