Идырысов Орал Армияұлы

7 күн анықтамасы: Идырысов Орал Армияұлы

Идырысов Орал Армияұлы 1959 жылы 12 ақпанда Семей облысы Абай ауданының Қайнар ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Алматы халық шаруашылық институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1977 жылы «Алма-Атажилстрой» трестінің СМУ-30 ағаш шебері болып бастаған.

1975 жылдан — «Алматытұрғынүйқұрылыс» тресінде комсомол комитетінің босатылған хатшысы болып жұмыс істеді. 1985 жылы — Қазақстан ЛКЖО Алматы қалалық комитетінің бөлім бастығы болып қызметке тағайындалды. 1987 жылдан — Октябрь аудандық партия комитетінде нұсқаушы. 1991 жылдан бастап Алматы қалалық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1992 жылдан — Алматы қаласы Мәскеу аудандық әкімшілігі аппаратының жетекшісі, әкімінің орынбасары болып қызметке тағайындалды. 1994 жылы — ҚР «Қазақстанның теледидары және радиосы» басқармасы аппаратының жетекшісі. 1995 жылдан бастап «Постовалов және Компания» ЖТАҚ-ның вице-президенті. 1997 жылы — ҚР Премьер-министрі Кеңсесінде бөлім бастығы, бас инспекторы болып жұмыс істеді. 1999 жылы — «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ бақылау және ұйымдастыру құжаттамалық қамту департаментінің директоры ретінде еңбек жолын жалғастырды. Ал 2001 жылы — «Өзенмұнайгаз» ААҚ вице-президенті болып жұмыс істеді. 2001-2016 жылдары «Өзенмұнайгаз» ААҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» ЖАҚ, «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС және т.б. ұйымдарда басшылық қызметтерде болған.

2016 жылдың мамыр айынан «ҚазТрансОйл» АҚ адам ресурстарын басқару және еңбекке ақы төлеу департаментінің директоры қызметін атқарған.

2017 жылдың 1 маусымынан бастап Орал Армияұлы «ҚазТрансОйл» АҚ бас директордың трансформация жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Орал Армияұлы «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарының, ҚР Президентінің Алғыс хатының иегері.