Идырысов Орал Армияұлы 1959 жылы 12 ақпанда Семей облысы Абай ауданының Қайнар ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Алматы халық шаруашылық институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1977 жылы «Алма-Атажилстрой» трестінің СМУ-30 ағаш шебері болып бастаған.
1975 жылдан - «Алматытұрғынүйқұрылыс» тресінде комсомол комитетінің босатылған хатшысы болып жұмыс істеді. 1985 жылы - Қазақстан ЛКЖО Алматы қалалық комитетінің бөлім бастығы болып қызметке тағайындалды. 1987 жылдан - Октябрь аудандық партия комитетінде нұсқаушы. 1991 жылдан бастап Алматы қалалық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1992 жылдан - Алматы қаласы Мәскеу аудандық әкімшілігі аппаратының жетекшісі, әкімінің орынбасары болып қызметке тағайындалды. 1994 жылы - ҚР «Қазақстанның теледидары және радиосы» басқармасы аппаратының жетекшісі. 1995 жылдан бастап «Постовалов және Компания» ЖТАҚ-ның вице-президенті. 1997 жылы - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінде бөлім бастығы, бас инспекторы болып жұмыс істеді. 1999 жылы - «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ бақылау және ұйымдастыру құжаттамалық қамту департаментінің директоры ретінде еңбек жолын жалғастырды. Ал 2001 жылы - «Өзенмұнайгаз» ААҚ вице-президенті болып жұмыс істеді. 2001-2016 жылдары «Өзенмұнайгаз» ААҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» ЖАҚ, «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС және т.б. ұйымдарда басшылық қызметтерде болған.
2016 жылдың мамыр айынан «ҚазТрансОйл» АҚ адам ресурстарын басқару және еңбекке ақы төлеу департаментінің директоры қызметін атқарған.
2017 жылдың 1 маусымынан бастап Орал Армияұлы «ҚазТрансОйл» АҚ бас директордың трансформация жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Орал Армияұлы «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарының, ҚР Президентінің Алғыс хатының иегері.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024