Астана. 18 қазан. 7kun.kz – Қазақстанда биыл отбасылық-тұрмыстыққа қатысты 668 қылмыс тіркелген. Көбіне бұл жағдайға ер адамдар себеп болады. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Ондай ер адамдар 30 бен 50 жас аралығында (52%). Тұрақты жұмысы (74%) және кәсіптік не жоғары білімі жоқ (90%). Сәйкесінше, зардап шеккендер негізінен - әйелдер, 78%», – деді ол.
Министрдің айтуынша, көбіне әйелдер зорлықшыға материалдық және психологиялық жағынан тәуелді болады. Ұзақ жыл бойы қорлау мен қорқытуға шыдап жүреді. Одан балалар да зардап шегеді. ДДСҰ деректері бойынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасөспірімдердің психикасына, рухани және эмоционалдық дамуына кері әсер етеді. Олар бұл мінез-құлық үлгісін құрдастарына және басқаларға көрсетеді.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





