Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ішкі істер министрлігі отбасылық зорлықшы портретін құрастырды

Ішкі істер министрлігі отбасылық зорлықшы портретін құрастырды

Астана. 18 қазан. 7kun.kz Қазақстанда биыл отбасылық-тұрмыстыққа қатысты 668 қылмыс тіркелген. Көбіне бұл жағдайға ер адамдар себеп болады. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Ондай ер адамдар 30 бен 50 жас аралығында (52%). Тұрақты жұмысы (74%) және кәсіптік не жоғары білімі жоқ (90%). Сәйкесінше, зардап шеккендер негізінен - әйелдер, 78%», – деді ол.

Министрдің айтуынша, көбіне әйелдер зорлықшыға материалдық және психологиялық жағынан тәуелді болады. Ұзақ жыл бойы қорлау мен қорқытуға шыдап жүреді. Одан балалар да зардап шегеді. ДДСҰ деректері бойынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасөспірімдердің психикасына, рухани және эмоционалдық дамуына кері әсер етеді. Олар бұл мінез-құлық үлгісін құрдастарына және басқаларға көрсетеді.

Похожие материалы