«Al Hilal» ислам банкі бөлшек банк нарығында жұмыс істей бастады

2213
Фото: kapital.kz

Алматы. 1 шілде. 7kun.kz — 2017 жылдан бастап «Al Hilal» жеке тұлғаларға арнап исламдық банк өнімдерін шығара басайды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Банктің мәліметінше, олар ұсынатын инвестициялық депозиттер Қазақстан нарығы үшін жаңа әрі бірегей өнім болап саналады. Депозиттік база құрылғаннан кейін банк бөлшектік секторды қаржыландыруға кіріседі. Олар: ипотека, автоқаржыландыру және тауарлық қаржыландыру.

«Орта мерзімді перспективада Al Hilal басшылығы Қазақстанда ислам банкингін дамытудың үлкен мүмкіндіктерін байқады. Әсіресе, бөлшектік нарықтың даму потенциалы мол», — деді басқарма төрағасы Гордон Хаскинс.

«Біз ары қарай даму мен кеңеюге дайынбыз. Мұны Қазақстан экономикасының әртүрлі секторларындағы 7 жылдық мемлекеттік және корпоративті клиенттермен жүргізген жұмыс нәтижесі көрсетті. Соған байланысты біз Қазақстандағы ислам банкингінің жоғары стандарттарын орналастыруға ынталымыз. Исламдық қаржы инструменттерінің құндылығы мен мүмкіндіктерін қарапайым әрі түсінікті етіп жеткізгіміз келеді. Сонымен қатар, әрине нәтиже — нарықтан көлемді үлеске ие болу. Ол үшін біз банктік және салықтық заңнамаға исламдық қаржыландыру бойынша заңнамалық база құрастырып оны енгізуге барынша атсалысып жатырмыз», — деп атап өтті ол.

Қазіргі уақытта Al Hilal-дың бас кеңсесі Алматы орналасқан және Астана мен Шымкентте филиалдары бар.