Энергетикалық кәсіпорындар «ҚазТрансГаз Аймаққа» 6 млрд теңге қарыз

энергетикалық
Фото: Kursiv.kz

Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанның энергетикалық кәсіпорындарының «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ алдындағы қарызы 6,6 млрд теңгені құрайды, — деп мәлімдеді энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.

«Бүгінгі таңда энергия өндіруші ұйымдардың« ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ алдындағы жалпы қарызы 6,6 млрд теңгені құрайды», — деді ол 19 қыркүйекте өткен баспасөз мәслихатында.

Атап айтсақ, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің қарызы 4,086 млн теңге, «Жайықжылуқуат» АҚ – 939 млн теңге, «Өзен Жылу» МКК – 390 млн теңге, «Ақтөбе ЖЭО» – 286 млн теңге, «Алматытеплокоммунэнерго» АҚ– 232 млн теңге, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК – 196 млн теңге, «Орал ГТЭС» ЖШС – 204 млн теңге, «Батыс Пауэр» ЖШС – 122 млн теңге.