Күндізгі сессия: 1 доллар — 312,80 теңге

теңге
Фото: fdlx.com

Алматы. 5 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 5 маусымдағы доллардың орташа бағамы 312,80 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 312,60 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 313,03 тг, сауданың аяқталуы кезінде 313,03 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 75 млн 800 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 148.

Ақша айырбастау орындарында 5 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.05) Алматыда 314 теңгені құраған.