Күндізгі сессия: 1 доллар — 332,26 теңге

236
теңге
Фото: Lada.kz

Алматы. 4 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 4 қаңтардағы доллардың орташа бағамы 332,26 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 331,80 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 332,60 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 332,07 теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 130. Күндізгі сессияда сауда көлемі 110 млн 300 мың доллар болды.

Ақша айырбастау орындарында 4 қаңтардағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.15) Алматыда 334,30 теңгені құраған.