Күндізгі сессия: 1 доллар — 334,16 теңге

теңге
Фото: Kapital.kz

Алматы. 6 қараша. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 6 қарашадағы доллардың орташа бағамы 334,16 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 333,70 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 334,65 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 333,70 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 47 млн доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 109.

Ақша айырбастау орындарында 6 қарашадағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 336,20 теңгені құраған.