Күндізгі сессияда доллар 327,04 теңге болды

152

Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 22 мамырдағы доллардың орташа бағамы 327,04 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 326,68 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 327,40 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 326,70 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 126 млн 850 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 236.

Ақша айырбастау орындарында 22 мамырдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 329.50 теңгені құраған.