Күндізгі сессияда доллардың ресми бағамы 333,85 теңге болды

215
вклады
Фото: sputniknews.kz

Алматы. 11 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 11 маусымдағы доллардың орташа бағамы 333,85 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 333,40 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 334,45 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 334 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 47 млн 900 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 110.

Ақша айырбастау орындарында 11 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 335 теңгені құраған.