KASE валюталық сауда-саттықтың жаңа режимін енгізеді

76
KASE
Фото: kase.kz

Алматы. 28 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасы (KASE) 1 шілдеден бастап шетел валюталарымен сауда-саттық жүргізу кезінде енгізілетін өзгерістер туралы хабарлады.

Оған сәйкес, сауда күнінің ұзақтығы ұлғайтылады: биржадағы валюта сауда – саттығы 15:30-да емес, 17:00-де аяқталады.

Қазақстан қор биржасында шет елдік валюталармен сауда-саттық жүргізу бірыңғай толассыз сессия аясында сағат 10:15-ден 17:00-ге дейін келесі режимде жүргізіледі:

  • Сауда-саттық күні есептеулермен мәмілені (қытай юанімен жасалған мәмілелерді қоспағанда) сағат 10:15 тен 15:30 — ға дейін жасауға болады;
  • Сауда-саттық күні қытай юанімен есептеулермен мәмілелер және қытай юаніне қатысты валюталық своп операциялары сағат 10:15-тен 11:00- ге дейін жасалады;
  • Барлық шет ел валюталарымен мәмілелерді есептерімен келесі жұмыс күні немесе сауда-саттық күнінен кейінгі екінші жұмыс күні 10:15 тен 17:00 — ге дейін жасауға болады;
  • АҚШ долларына, еуро және ресей рубліне қатысты валюталық своп операциялары сағат 11:30 -дан 15:30- ға дейін қол жетімді.

Айта кетейік, есептеулері Т+1 (USDKZT_TOM) АҚШ долларының орташа сараланған мәні KASE сайтында әрбір сауда-саттық күні 11:00, 15:30 және 17:00 AST жағдай бойынша жарияланады.

«Сипатталған өзгертулер сауда күнін ұзарту және шетелдік және халықаралық қатысушылар үшін теңгемен есептесу мүмкіндіктерін кеңейту аясында олардың қатысушылары үшін сауда-саттыққа қол жетімділігін арттыру мақсатында енгізіледі», — делінген биржа сайтында.

Сондай-ақ, хабарламаға сәйкес, , сауда-саттық өткізу және нарықтық бағамын қалыптастыру кезінде 1 шілдеден бастап шетел валюталары бойынша «таңертеңгі», «күндізгі», «негізгі» және «қосымша» сауда сессиялары сияқты ұғымдар қолданылмайды.