Астана әкімдігі мен «Даму» қоры кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 2 млрд теңге бөледі. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков пен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Төлеушин шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын іске асыруда ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында әкімдік пен «Даму» қоры салалық шектеусіз ШОБ саласында стартап-жобаларды қолдау жөніндегі жаңа бағдарламаны жүзеге асыруға 2 млрд теңге (әрқайсысы 1 млрд теңгеден) бөледі. Бүгінгі күні Астананың ЖӨӨ-дағы ШОБ-тың үлесі 61 пайызға жеткен. Бұл республикалық көрсеткіштен үш есеге артық. Астана несиелерді кепілдендіру бойынша республика бойынша бірінші орында, субсидиялау бойынша – екінші орында тұр. Сонымен қатар, кәсіпкерлік секторында салықтар есебінен түсетін түсімдер де оң нәтижесін беруде. Қазіргі кезде жергілікті бюджетке түсетін салықтың 65%-ын елордалық шағын және орта бизнестің үлесінде. ШОБ саласында стартап-жобаларды қолдау идеясын Астана қаласының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізген ІІІ Жыл сайынғы конференциясында елорда басшысы ұсынған болатын. Жаңа бағдарламаға қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін қызметі экономиканың басымды салаларының тізіміне енбеген кәсіпкерлер қатыса алады. Несиенің ең көп сомасы –50 млн теңгеге дейін. Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7,9%, несие мерзімі – 7 жылға дейін. Жобаларды іріктеуді өңірлік Кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырады. Айта кетейік, қазіргі кезде елордада шағын және орта бизнеске қосымша қолдау көрсету және дамыту мақсатында «Даму» қорымен бірлесіп 29 жасқа дейінгі тұлғалар қатыса алатын жастар кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы мен сауда саласын мақсатты несиелеу бойынша бағдарламалар жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламалар бойынша қаржыны игеру 100% құрады, оларды жүзеге асыру жұмыстары одан әрі жалғасады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024