Алматы. 16 қараша. 7kun.kz - Kaspi Bank-тің Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе Kaspi Bank, Kaspi Магазин және Kaspi-дің барлық өнімдері мен қызметтерін біріктірген Kaspi.kz компаниясының Басқарма төрағасы және ірі акционері болады. Бұл туралы бүгін Kaspi.kz-тің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.
Вячеслав Ким Kaspi Bank-тің Директорлар кеңесінің Төрағасы қызметінде қала береді және Kaspi.kz-тің де Директорлар кеңесін басқарады.
Kaspi.kz басқарма құрамына қазір Kaspi Bank-тің басқарма мүшелері Павел Миронов, Юрий Диденко мен Тенгиз Мосидзе қосылады. Павел Миронов Kaspi.kz басқарма мүшелігімен қатар Kaspi Bank-тің басшысы міндетін атқарушы қызметін қоса атқарады. Михаил Ломтадзенің хатында бұл туралы шешім алдағы уақытта қабылданатыны туралы айтылған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024