
«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлгінің құрылымына кіреді. Шикізаттық емес экспортты дамыту және жылжыту жүйесінің ұлттық операторы, сондай-ақ шетелдік инвесторларды тарту және олармен жұмыс жүргізу бойынша мамандандырылған мемлекеттік компания болып табылады.
«KAZAKH INVEST» республикалық бюджеттен қаржыландырылады және өз қызметтерін тегін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.03.2017 ж., №100 қаулысына сәйкес, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» Ұлттық қоғамы» Акционерлік қоғамына өзгертілді.