Kcell және Tele2 байланыс бағаларының жоғары болуына байланысты тергеу жүргізілуде

Алматы. 30 маусым. 7kun.kz – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Кселл» АҚ мен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ға қатысты монополиялық жоғары бағаларды белгілеу бөлігінде тергеп-тексерулерді бастады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Азаматтардың ұялы байланыс операторларының бағасының өсуіне жиі жүгінулеріне байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2020-2021 жылдары ұялы байланыс және мобильді интернет қызметтерінің тарифтерін талдады. Құрамына «Кселл» АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС кіретін «Қазақтелеком» АҚ тобының (35% — дан астам) үстем жағдайы анықталды.

«Кселл» АҚ талдау кезеңінде ұялы байланыс (орта есеппен 756 теңге) және мобильді интернет (орта есеппен 1765 теңге) қызметтеріне ең жоғары баға белгіледі», – делінген ведомство хабарламасында.

Бірқатар операторларда ұялы байланыс қызметтеріне ең төменгі баға орта есеппен 332 теңгені, мобильді интернет қызметтеріне — орта есеппен 1022 теңгені құрады. Қызметтер бағасының монополиялық жоғары болуына байланысты «Кселл» АҚ-қа қатысты тергеу басталды.

Ал Tele2 операторы SMS хабарламаларына жоғары баға белгілеген. 2020-2021 жылдары SMS-тарату қызметтері нарығындағы баға мониторингінің қорытындысы бойынша Агенттік басқа байланыс операторларымен салыстырғанда «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ның бағаларды өсіргенін анықтады. Байланыс операторлары 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда SMS-тарату тарифтерін орта есеппен 14,03%-ға арттырған. Алайда Tele2 мен Kcell бұл жағынан көшбасшы болып шықты – олардың хабарламалары басқа операторларға қарағанда айтарлықтай қымбат.

SMS-тарату қызметіне монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері бойынша «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС қатысты тергеп-тексеру басталды.