Кеңес Рақышев Central Asia Metals-тағы үлесін сатады

Кеңес
Фото: Kursiv.kz

Астана. 9 ақпан. 7kun.kz – Жақында ғана Petropavlovsk алтын өндіру компаниясының ірі акционері атанған қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев Central Asia Metals компаниясындағы пакетін сатады. Сатушы ретінде CBH Europe Limited компаниясы қатысады. Себебі оған Central Asia Metals компаниясының 10 млн 605 мың 876 көлеміндегі акциясы тиесілі, деп хабарлады келісім ұйымдастырушы Peel Hunt компаниясы.

Бұл пакеттің қазіргі нарықтағы бағасы шамамен 31,5 млн фунт стерлингті құрайды. Осы сауданың нәтижесінде К. Рақышев Central Asia Metals компаниясының акционерлер қатарынан шығады. Аз ғана уақыт бұрын бизнесмен компанияның 19 пайызына иелік етіп, ірі акционерлерінің бірі болатын. Алайда, қырүйек айында нарықтағы жарты үлесін (9,5 пайыз) сатып жіберді. Ал, оның 6 пайызға дейінгі пакеті қосымша туындаған мәселелер әсерінен жойылған.

Central Asia Metals жаңа акцияларын Македониядағы Sasa цинк кен өндіру орнына бағыттайды.

Бөл активтен бөлек, компания Қазақстандағы гидрометаллургиялық кешенге, Моңғолиядағы молибден және алтын өндіру жобаларына, сондай-ақ Чили бал өндіру жобасына ие.

К. Рақышев өзінің жаңа стратегиялық инвестициясын, яғни  Petropavlovsk-тағы 22 пайыздық үлесін 2017 жылы «Реновадағы» Виктор Вексельбергтен сатып алды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!