Келесі айда бензин бағасы түседі

430
Келесі айда бензин бағасы түседі

Энергетика министрлігі ақпан айында бензин бағасы арзандайды деп санайды. Бұл туралы министр Владимир Школьник мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, қазірдің өзінде-ақ төрт облыста бағаның төмендеуі байқалады.

«Үкімет жасанды түрде әр стансада бағаны бақылап, ұстап тұра алмайды, ол тек асып кетуге болмайтын баға шегін белгілейді. Ал төмендетемін десеңіздер, қарсылық жоқ», — деді ол.

Тура бір жыл бұрын Brent маркалы мұнай бағасы $100-дан асып, хвлық арасында сұранысқа ие бензин құны 115 теңгеге жетті. Осы жылы мұнай $48-ға дейін түсіп кеткенде, жанар-жағармай стансалары отын бағасын 109 теңгеден кемге бермей отыр.