Энергетика министрлігі ақпан айында бензин бағасы арзандайды деп санайды. Бұл туралы министр Владимир Школьник мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, қазірдің өзінде-ақ төрт облыста бағаның төмендеуі байқалады.
"Үкімет жасанды түрде әр стансада бағаны бақылап, ұстап тұра алмайды, ол тек асып кетуге болмайтын баға шегін белгілейді. Ал төмендетемін десеңіздер, қарсылық жоқ", - деді ол. Тура бір жыл бұрын Brent маркалы мұнай бағасы $100-дан асып, хвлық арасында сұранысқа ие бензин құны 115 теңгеге жетті. Осы жылы мұнай $48-ға дейін түсіп кеткенде, жанар-жағармай стансалары отын бағасын 109 теңгеден кемге бермей отыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024