Экономика
Қазақстандық азамат Дубай лотереясынан 1 млн доллар ұтып алды
Қазақстандық Омар Самаликов Dubai Duty Free компаниясы ұйымдастырған Millennium Millionaire ұтыс ойынының жеңімпазы атанды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.
Бірақ Dubai Duty Free компаниясы Омар Самаликовпен байланыса алмай отыр. Егер өзінің жеңісін естісе таңғалатыны анық дейді. Омар Самаликов - бұл лотереяда 1 млн доллар ұтқан алғашқы қазақстандық. Ал мұндай ұтысты 0, 5, 2 және 9 сандары алып келген.
Жалпы, Dubai Duty Free компаниясы Дубайдағы Халықаралық әуежайдың бажсыз саудасына жауап береді. Ол 1983 жылы 20 желтоқсаннан бастап жұмыс істеп келеді. Өткен 28 жылда әлемдегі әуежайлардың ең ірі сауда орталығына айналған. 2011 жылы компанияның сатылым деңгейі 1,5 млрд долларға өскен.