Кредиттің ай сайынғы төлемін азайта аламын ба?

кредит

Банктегі кредитімді 20 мыңнан 15 мың теңгеге дейін төлейтіндей етіп азайта аламын ба?

Өтегенова Гүлсана, әлеуметтік желі арқылы жолданды

Бірнеше күн бұрын 7kun.kz cайтына осындай хат келген еді. Осыған байланысты редакция аталған банкке хат жіберген. Банктің жауабы мынадай болды:

Гүлсана, қайырлы күн! Келісім-шартты тағы бір оқып, егер Сіздің тараптан несие шартын өзгерткіңіз келсе, қандай әрекеттер жасау керектігін тағы бір қарап шыққаныңыз жөн.

Әдетте бұл туралы несие келісім-шартында жазылады. Егер келісім-шартта талаптарды өзгерту мүмкіндігі қарастырылмаса, онда Сіздің өтінішіңіз қанағаттандырылмауы мүмкін. Егер шарттағы талаптарды түсінбесеңіз заңгер немесе шарт талаптарын түсінетін адамнан кеңес алғаныңыз жөн.

Егер оған мүмкіндігіңіз болмаса банктің бас кеңсесіне барып немесе Сіз айтып отырған банктің Call-орталығына 9999 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан хабарласу тегін) хабарласып, жауап алуға болады.

Жалпы көп жағдайда ай сайынғы төлемді төмендету мүмкін емес. Бірақ, Сіз жоғарыдағы әрекеттерді жасап көріңіз.