Кредитті мерзімнен бұрын жабудың шарттары қандай?

1344
кредит
Фото: advisor-credit.ru

Ақпан айының 22-де белгілі бір банктегі  (белгілі бір себептермен банк атауы көрсетілмеді) несиеміздің қалдығын толық төлеп тастадық. Негізі бір жылға алғанбыз, біз бес айда жаптық. Енді банктен сәуір айының 1-і күні алты ай болады, сол күні кредит жабылады деген мәлімдеме келді. Оған дейін жабылу үстінде болады дейді. Бұл қаншалықты заңды?

Ақбөпе Қалила, әлеуметтік желі арқылы жолданды

Ақбөпе, келісім-шартта қалай көрсетілген? Егер банк айтып отырған нәрсе шартта көрсетілген болса, онда сол талап орындалады. Мысалы шартта клиент кредитін ерте қайтарғысы келсе, толық ай есептеліп, жабылады делінген болуы мүмкін. Егер ондай талап көрсетілмесе банктікі дұрыс емес. Шартта көрсетілмеген жағдайда клиент алған кредитін алдын-ала қалаған күні жауып тастай алады. Сіз кредитті толық жауып тастағыңыз келген кезде менеджер қабылдаған шығар? Менеджер сіздің толық төлеп тастағыңыз келген соманы қабылдаса, сосын барып жабылу үшін 1 ай уақыт кетеді десе, банктікі дұрыс емес.

Банктен мына нәрсені анықтағандарыңыз жөн. Сіздер 5 ай көлемінде кредитті жаптыңыздар. Банк тарапынан айтылған «6 ай толғанда бірақ жабылады, оған дейін жабылу үстінде болады» деген сөздің мағынасын толық анықтап алу керек. Ортада 1 ай бар. Ол ай үшін төлем, пайыз, комиссия қосыла ма? Әлде жабылу үстінде дегені банктің ішкі процесстері оған комиссия, пайыз ештеме жүрмейді, сіз міндетіңізден құтылдыңыз ба? Егер құтылдыңыз десе, онда анықтама алып алғаныңыз дұрыс. (Ол ақылы болуы мүмкін). Ары қарай банктің ішкі шаруасы.


Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 775 476 6145 телефонын нөміріне жолдауды сұраймыз.