Күндізгі сессия: 1 доллар — 372,39 теңге

күндізгі
Фото: fins.az

Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасының (KASE) күндізгі сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 372,39 теңгені құрады. 

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 371,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 372,70 теңге, жабылу курсы бір долларға 371,50 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 82 млн 700 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 177.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 15:30 да 373,5 теңге, Алматыда – 375 теңге.

Ұлттық Банктің 19 желтоқсандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 371,31 теңгені құрайды.