Валюта бағамыЖаңалықтарҚаржыТаңдаулы1

Күндізгі сессия: 1 доллар үшін – 376,30 теңге

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 15:30 да 378 теңге, Алматыда – 378,5 теңге.

Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сессияда доллардың орташа өлшемді бағамы 376,30 теңгені құрады. 

KASE ақпараты бойынша, күндізгі сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 376 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 376,80 теңге, жабылу курсы бір долларға 376,60 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 56 млн 750 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 146.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 15:30 да 378 теңге, Алматыда – 378,5 теңге.

Таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша америка валютасының орташа бағамы 376,06 теңге деңгейінде қалыптасты.

Ұлттық Банктің 11 қаңтардағы ресми бағамы 1 доллар үшін 381,38 теңгені құрайды.

Tags

Осы айдарда

Close