Алматы. 13 тамыз. 7kun.kz - 1 шілдедегі жағдай бойынша тұтынушылық кредит бойынша айыппұлы мен өсімпұлы бар 1 млн қазақстандықтың қарызы есептен шығарылады. Оның жалпы көлемі 33,6 млрд теңгені құрады.
ҚР Ұлттық банкінің хабарлауынша ең көбі Алматы — 7.1 млн тенге, Нұр-Сұлтан— 3.4 млн мен ШҚО— 2.8 млн кешірілген. Айыппұл мен өсімпұл банктер есебінен есептен шығарылды.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен кредитке бір реттік жеңілдік жасалады. Оның аясында 1 шілдедегі жағдай бойынша тұтынушылық кредит бойынша өсімпұл мен айыппұл кешіріледі. Сондай-ақ, 3 млн теңгеге дейінгі кредиті бар әлеуметтік жағдайы төмен қазақстандықтардың 300 мың теңгесі мемлекет есебінен жабылады. Мұның аясында 260 мың қазақстандықтың кредиті түгелдей жабылады. Жалпы қарыз жүктемесі 40 % азаяды.
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024