Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

1 желтоқсаннан бастап Алматы қоғамдық көліктерінде қолма-қол төлем жүйесі болмайды

1 желтоқсаннан бастап Алматы қоғамдық көліктерінде қолма-қол төлем жүйесі болмайды

2015 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Алматы қоғамдық көліктерінде қолма-қол төлем мен жол жүру билеті толығымен алынып тасталады. Бұл туралы Today.kz хабарлайды.

Студенттер, оқушылар, зейнеткерлерге арналған жол жүру билеттері жойылып, орнына "Оңай" электронды көлік картасы арқылы 40 теңге төлейді. Айта кетейік, электронды билет жүйесі 2016 жылдың басында енгізіледі деп жоспарланған еді. "Қала әкімдігі мен маслихатының шешімі бар. Бізге желтоқсан айына жол жүру билетін шығармау туралы айтылды. 1 желтоқсаннан бастап электронды карта арқылы төлем жасалады", - делінген "Алматыгортранс" ЖШС хабарламасында. Еске салайық, 2015 жылдың 1 қазанынан бастап Алматыдағы қоғамдық көліктерде "Оңай" электронды билет жүйесі енгізілді. Көліктерге арнайы электронды терминалдар орнатылған. Фото: tengrinews.kz

Похожие материалы