Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

10-17 тамыздағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

10-17 тамыздағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Алматы. 22 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылғы 17 тамыздағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық  бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,9%-ға әлсіреп  (356,8-дан), 360,12 теңге деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Сыртқы валюталық нарығында 2018 жылғы 10 тамыздан 17 тамыз  аралығында Түркияның  АҚШ-қа қарсы  кейбір тауарларын импортына  жауап санкцияларын енгізуі, Туркиядағы ықтимал  дағдарыс жөніндегі қауіптер  аясында  инвесторлар толеранттығы тәуекелінің  өзгеруіне  байланысты  дамушы елдерден  инвесторлар  капиталының әкетілуі,  АҚШ-ты  бөлшек сату  және  өнеркәсіптік өндірістің  өсуі  бойынша  экономикалық  деректердің  жариялануы  маңызды  оқиғалар  болды. Бұл факторлар  АҚШ долларының  әлемдік  нарықтардағы  бағамының  кейбір құбылмалылығына әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

Оңтүстік Африка рэнді  инвесторлардың дамушы нарықтарға төзімділік тәуекелінің жалпы төмендеуі аясында капиталдың әкетілуі салдарынан 3,9%-ға (14,09-дан 14,64-ке дейін) әлсіреді. Сондай-ақ  валюта бағамының әлсіреуіне парламентке Оңтүстік Африка Резерв Банкін мемлекет меншігіне алу туралы заң жобасы енгізілгеннен кейін елдің конституциясына активтердің өтеусіз экспроприациялау бөлігінде өзгерістер енгізу мәселесі қысым жасады;

Үндістан рупиясы талдаушылардың мұнай бағасының жоғары болуы салдарынан сауда дефицитінің одан әрі ұлғаюына (2018 жылғы маусымда 18 млрд. АҚШ доллары) қатысты болжамдарына байланысты 1,9%-ға (68,84-тен 70,16-ға дейін) әлсіреді;

Бразилия реалы үкімет сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптаған бұрынғы президент Луис Лула да Силваның президент сайлауына ұсынылуына байланысты саяси белгісіздік аясында 1,3%-ға (3,86-дан 3,91-ге дейін) әлсіреді;

Индонезия  рупиясы  Индонезия Орталық банкінің базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешім қабылдауына қарамастан, 0,8%-ға (14 478-ден 14 593-ке дейін) әлсіреді;

Мексика песоcы аптаның ішінде айтарлықтай өзгерістерсіз бір АҚШ доллары үшін 18,91 – 18,89 песо деңгейі шегінде сатылды;

Ресей рублі 0,9%-ға (67,73-ден 67,12-ға дейін) нығайды. Fitch кредиттік агенттігі  тәуелсіз рейтингті ВВВ- деңгейінде қалдыра отырып, Ресей үшін оң болжамды сақтап қалды;

Түрік лирасы елдің тәуелсіз рейтингін S&P кредиттік агенттігінің ВВ--ден В+-ға дейін және Moody’s  кредиттік агенттігінің Ba2-ден Ba3-ға дейін төмендетуіне қарамастан 6,4%-ға (6,43-дан 6,02-ға дейін) нығайды. Бір аптаның ішінде түрік лирасының бағамын тұрақтандыру үшін Түрік Үкіметі қаржы жүйесін және инвесторлардың сенімін нығайту бойынша шаралар қабылдады. Өз кезегінде Түркияның Орталық банкі коммерциялық банктердің реттеу қағидаларын әлсіретті, қажетті резервтер көлемін төмендетті және валюталық своптармен операциялар бойынша лимиттерді акционерлік  капиталдың 25%-на дейін қысқартты.

Похожие материалы