Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

10 минутта несие алуға болатын онлайн сервистер

10 минутта несие алуға болатын онлайн сервистер

Кейде адамдарға шұғыл түрде ақша керек болады. Ол бүгін немесе ертең болуы мүмкін. Қарыз сұрайтын достарыңызда немесе туыстарыңызда да қаржылық қиынықтар бар делік. Ал банктен, микроқаржы ұйымдарынан қаржы алу үшін кемінде бір күн уақыт кетеді. Әрі олардың несиені рәсімдей салуы екіталай. Осы себепті 7kun.kz 10 минутта онлайн қарыз бере алатын қызмет түрлерін қарап көрді.

 1. Сcloan.kz

Сонымен онлайн қарыз ұсына алатын қызметтердің бірі www.ccloan.kz сайты. Бір қызығы бұл сайтты аша салғанда  онлайн-калькуляторды көруге болады. Мұнда берілетін қарыз көлемі 7000 теңгеден 150 мың теңгеге дейін. Қарызды алу және қайтару туралы ақпаратты "Қарызды қалай алуға болады", "Қарызды қалай қайтаруға болады" деген бөлімнен білуге болады.

L’Officiel журналының нұсқасы бойынша CCloan.kz Қазақстандағы №1 онлайн қарыз қызмет көрсететін орталық. Джон Шоулдың бірінші дәрежелі әдіс-анықтамалар жиынтығын қолдана отырып, өз тұтынушыларына сапалы қызмет көрсетеді. Компания Украина, Грузияда жұмыс істейді.

Сонымен www.ccloan.kz сайтында:

  • Төменгі қарыз сомасы: 7 000 теңге
  • Жоғарғы қарыз сомасы: 150 000 теңге
  • Қарыз берілетін мерзім: 5 күннен 30 күнге дейін
  • Қажет құжаттар: жеке куәлік
  • Қарыз алушының жасы: 18 жастан бастап
  • Өтінішті қарау уақыты: 10 минут
  • Ақшаның түсу уақыты: 10 минут
  • Қарыз мерзімін ұзарту: 5 күннен 30 күнге дейін

2. Moneyman.kz

Moneyman-нің онлайн несие бойынша қызмет көрсету жұмысы Ресейде басталған. Барлық жүйелері жолға қойылған. Мұнда қарыз алушының кім екені маңызды емес. Бұл қызмет арқылы жұмыс істемейтін немесе банктегі несие тарихы "бүлінген" адам да несие ала алуы мүмкін.

  • Төменгі қарыз сомасы: 7 000 теңге
  • Жоғарғы қарыз сомасы: 150 000 теңге
  • Қарыз берілетін мерзім: 5 күннен 31 күнге дейін
  • Қажет құжаттар: жеке куәлік
  • Қарыз алушының жасы: 18 жастан бастап
  • Өтінішті қарау уақыты: 10 минут
  • Ақшаның түсу уақыты: 24 сағат
  • Қарыз мерзімін ешбір айыпұлсыз ұзарту: 7 күннен 28 күнге дейін

3. Zaimer.kz

Жоғарыдағы онлайн сервистермен салыстырғанда Займерде қарыз қысқа мерзімге беріледі. Қарыз сомасы 100 000 теңгеден аспайды. Несиені алу үшін тек қана жеке куәлік қажет. Кепіл мен анықтамалар талап етілмейді.

  • Төменгі қарыз сомасы: 1 000 теңге
  • Жоғарғы қарыз сомасы: 100 000 теңге
  • Қарыз берілетін мерзім: 7 күннен 21 күнге дейін
  • Қажет құжаттар: жеке куәлік
  • Қарыз алушының жасы: 18 жастан бастап
  • Өтінішті қарау уақыты: 3-4 минут
  • Ақшаның түсу уақыты: шамамен 1 минут

 4. Сrediton.kz

Сrediton.kz сайтынан несие рәсімдеу алдымен өзіңізді суретке түсіруден басталады. Яғни онлайн сервис қарыз алушы алаяқ емес екеніне көз жеткізуді жөн көреді. Бұдан бөлек бұл қызмет арқылы достарыңыздың, туыстарыңыздың шотына ақша аударып, коммуналды қызметтер мен интернет, айыппұл, салық төлемдерін жасауға болады. Тіпті "Оңай" картасы мен телефоныңызға баланс толтыра аласыз.

Бұл сайттың тағы бір ерекшелігі несиені 90 күнге дейін рәсімдеуге болады. 90 күнге берілетін қарыздың төменгі мөлшері - 50 000 теңге.

  • Төменгі қарыз сомасы: 10 000 теңге
  • Жоғарғы қарыз сомасы: 150 000 теңге
  • Қарыз берілетін мерзім: 5 күннен 30 күнге дейін
  • Қажет құжаттар: жеке куәлік
  • Қарыз алушының жасы: 20 жастан бастап
  • Өтінішті қарау уақыты: 2 минут
  • Ақшаның түсу уақыты: шамамен 1 минут

5. kredit24.kz

14169620_1020224584762947_2004377071_n.png

Компанияның ерекшелігі - сіз бұл сайттың бірінші клиенті болсаңыз сізге берілетін қарыз көлемі 15 000 теңгеден аспайды. Алайда өзіңіздің жақсы клиент екеніңізді көрсете білсеңіз келесі жолы көбірек сома алуға мүмкіндік туады.

  • Төменгі қарыз сомасы: 5 000 теңге
  • Алғаш берілген қарыздың ең жоғарғы мөлшері: 15 000
  • Жоғарғы қарыз сомасы: 160 000 теңге
  • Қарыз берілетін мерзім: 5 күннен 90 күнге дейін
  • Қажет құжаттар: жеке куәлік
  • Қарыз алушының жасы: 21 жастан бастап
  • Қарыз мерзімін ұзарту: 5 күннен 30 күнге дейін

Похожие материалы