13 ақпан күні Астанадағы «Қазмедиа» орталығында «100 жаңа есім» жобасының екінші маусымы қорытыланды. Жеңімпаздар жиынына президент Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты.
Бұл жобаның негізгі мақсаты Тәуелсіздік жылдарында заманауи Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан адамдардың нақты мысалында қоғамда табыстылық идеяларын, меритократия, бәсекелестік принциптерін, білім және прагматизм культын насихаттау және дамыту.
Қазақстанның егемен ел болып қалыптасып, дамуына үкіметтік органдармен тізе түйістіріп қызмет етіп жүрген мемлекеттік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мен түрлі салалық ұйымдардың қосқан үлесі зор. Осындай ұйымдар, қауымдастықтар, бірлестіктер қызметін көрсету және азаматтық бастамаларды насихаттау мақсатында жоба институционалды іріктеу қағидасымен жүргізілді. Сонымен қоса жеке тұлғалар да өтініш білдіріп, өз үміткерлерін ұсыну мүмкіндігі де қарастырылған.
100 жаңа есім қалай анықталды
Жалпы жоба үш кезеңнен тұрады:
1-кезең. 3 қыркүйек- 25 қазан аралығында өтініштер қабылданды.
2- кезең. 25 қазан – 2 қараша аралығында сараптама комиссиясынан құралған жұмыс тобы 200 үміткерді іріктеп, дауыс беру кезеңіне өткізді.
3-кезең. Дауыс беру 2-15 қараша аралығында өтті.
Былтыр жобаға қатысуға 2 мыңнан астам өтініші келіп түссе, биыл 2388 азамат 100 жаңа есім қатарынан өз аттарын көргісі келген. Екінші кезеңге ең мықты деген 200 үміткер іріктеліп алынып, солардың арасында онлайн-дауыс беру арқылы жеңімпаздар анықталған. Бірінші маусымда жеңімпаздар саны 101-ге жетсе, 2018 жылғы жобада 29 адам жаңа есімдер қатарына қосылыпты.
Жеңімпаздар
Жоба жеңімпаздары арасында бүгінгі Қазақстан қоғамның барлық қыры көрсетілді деуге болады. Өз кәсібін өзі дөңгелетіп, 5000-нан астам адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер, Қазақстанның байрағын әлемдік додаларда көтеріп жүрген спортшы, күн сайын қаншама адамның жанын аман сақтап қалуға себепші болып жүрген дәрігер де бар. Мәдениет өкілдері де жеңімпаздар қатарынан табылған. Жаңа есімдердің барлығына ортақ бір ұқсастық бар. Ол – әр жеңімпаздың сан қырлы дарыны бар. Мысалы, екінші маусым үздіктерінің бірі Әміре Қуат. Ол өзі ғалым, бизнеспен де айналысады. 6 музыкалық асапта ойнап, өлең мен музыка жазады. Ғылыми қызметін 14 жастан, адам ағзасының биологиялық әлеуеті мен оларға гелиофизикалық факторлардың әсер етуін өткенді шолу арқылы болған оқиғалармен сәйкестендіре отырып зерттеуден бастаған. 100 жаңа есім жобасы Әміре Қуат секілді азаматтарды көпшілікке үлгі ретінде көрсетуге тырысады.
Жеңімпаздар тізімі:
1. Ларион Лян
2. Асан Жолдасов
3. Болат Сұлтанқұлов
4. Чингиз Шашкин
5. Айдос Сайлығараев
6. Александр Пупенко
7. Әлібек Әлмадиев
8. Батыржан Смақов
9. Алмаз Ибрагимов
10. Иван Крепак
11. Нурхат Жакиев
12. Әлібек Ибраев
13. Дәурен Әділбай
14. Сухраб Жапаров
15. Тамила Муридова
16. Ердос Төлегенов
17. Серік Нұркенов
18. Мая Жұманбекова
19. Әмір Қуат
20. Мақпал Тажмағамбетова
21. Мынжылқы Бердіқожаев
22. Никита Амоскин
23. Бахтияр Базарбеков
24. Айдос Есмағамбетов
25. Ғалым Нұрланов
26. Ержан Сәлімгереев
27. Анвара Садыкова
28. Назгүл Кенжетай
29. Евгений Чуриков
Кездесуде президент не айтты
Нұрсұлтан Назарбаев қатысушыларға өзінің балалық шағындағы қиын да, қызықты өмірі туралы, мектепті медальмен бітірсе де, ата-анасына көмектесу үшін металлург болып зауытқа жұмысқа орналасқанын айтты.
«Сіздер менің өмірбаянымды білесіздер, мен сауаты жоқ шаруалардың ұлымын. Әкем де, анам да ешқашан мектепте оқыған емес. Және де, мен сияқты және менің ата-анам сияқтылар Қазақстанда көп. Соғыстан кейінгі уақытта жоқшылық болатын. Анам тамыз айының соңында мектепке бару үшін маған матадан көйлек тігіп беретін. Мектепке арналған сөмкелерді де матадан тігетін. Малып жазуға арналған сиясауытымыз болатын. Содан сөмкеміз әрдайым сия болып қалатын. Солай жүретінбіз. Ешқашан тойып тамақ жемейтінбіз. Мен оңтүстікте өскендіктен, жаздан бастап алма, қияр, қызанақ көмектесетін. Менің тойып тамақтанбауымнан денсаулығым жақсы болды деп ойлаймын. Құдай осынша өмір берді.
Қолыма күрек ұстап, болат қорытушы болып жүріп, президент боламын деп ешқашан ойламадым. Бірақ, мен жұмысымды адал істеуге тырыстым. Мені бағалады, мені көтермеледі, мен 19 жасымда өндірісте үздік болдым, комбинат мені өз ақшасына Қарағанды политехникалық университетіне жіберді. 20 жасымда Хельсинкидегі Дүниежүзілік жастар және студенттер фестивалінің делегаты атандым. Осылайша, саясатқа кездейсоқ барып, президент болдым»,-деді президент Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұл жоба келесі жылы да жалғасатыны хабарланды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024