Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі cәрсенбі күні 16 ақпанға арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады.
АҚШ доллары — 320,7 теңге, 1 еуро — 338,37 теңге, Ресей рублі — 5,59 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 398,47 теңге, жапон йені— 2,80 теңге, 1 қытай юаны — 46,70 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,63 теңге, 100 өзбек сумы— 9,70 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.
АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 9 ақпандағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 3220,7 теңге деңгейінде нақтыланды.
Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.