Қазақстанның өнеркәсіп тауарлары арзандап жатыр. Қазақстандық тауарлар құны 2015 жылдың қаңтар-маусым айларында 6,9 пайызға төмендеген. Әсіресе, тау-кен секторына шығын келіп жатыр, ал қайта өңдеу өнеркәсібі 2,7 пайызға жоғарылады деп жазылған Ranking.kz сараптамалық қызметінің есебінде.
Өткен жылдың маусымында қазақстандық нарықтағы ТМД кәсіпорындарының өнімдері 9,4 пайызға, басқа елдердің тауарлары 35,4 пайызға арзандады. Қазақстандық өндірушілер бағаны 4,9 пайызға дейін түсірді. Еліміздің бәсекеге қабілетті (баға бойынша) индустриалды секторы ретінде тау-кен өндірісін айтуға болады. Бұл саладағы өндірушілер мұнай бағасы мен өндірістік металдардың арзандауына байланысты ұзақ уақыттан бері бағаны арзандатып жатыр. Осы жылы өнеркәсіптік өндіріс тауарларының арзандауын әлемдік мұнай нарығындағы баға құбылысымен түсіндіруге болады. 2015 жылдың қаңтар-маусым айларында өткен жылға қарағанда баға 2,7 пайызға артты. Бірақ ТМД елдерінен келетін кәсіпорындардың тауарлары 8,3 пайызға арзандады. Сараптама агенттігінің жазуынша, нарықтағы бұл қозғалыс қайта өңдеу секторындағы компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі ай сайын төмендеп жатқандығын байқатады. Ал энергетикалық кешеннің компаниялары ыңғайлы жағдайда отыр. Аталған кәсіпорындардағы тауар бағасы тұрақты түрде өсіп келеді. Мұны энергетикалық кешеннің компанияларына қатысты белгіленген тарифтердің болуымен түсіндіруге болады. Еске салайық, 2015 жылдың шілдесінде Ұлттық банк теңгенің долларға қатысты дәлізін 198 теңгеге дейін көтерді. Мұндай шешімге девальвациялық қауіпті төмендету қажеттілігі себеп деп мәлімденді. Алайда, өткен жылдың мамырындағы рубль құлдырауынан бері отандық өнеркәсіптік өндірістің бәсекеге қабілеттілігі төмендеп келеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024