Қытайда есірткімен ұсталған 20 жасар қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот үкімі шықты. Бірінші инстанция оны өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Бұл туралы қорғаушы Сұңқар Нұрмағамбетов хабарлады.
«Біз бұл шешіммен келіспейміз. Аталған сот үкімінің үстінен апелляциялық шағым түсіреміз», - деді Сұңқар Нұрмағамбетов. Естеріңізге сала кетейік, Қытайға шыққан алғашқы сапарында 20 жастағы қазақстандық бойжеткен Ақжарқын Тұрлыбай 3 наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оның сөмкесінен қытай полицейлері есірткі тапты. "Қорғаушы тарап есірткі заттарын Қытайда Ақжарқынның сөмкесіне біреу салып жіберуі ғажап емес", - дейді С.Нұрмағамбетов. Ақпарат көзі: ҚазАқпаратТэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024