Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

20 жастағы қазақ қызы өмір бойы бас бостандығынан айырылды

20 жастағы қазақ қызы өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Қытайда есірткімен ұсталған 20 жасар қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот үкімі шықты. Бірінші инстанция оны өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Бұл туралы қорғаушы Сұңқар Нұрмағамбетов хабарлады.

«Біз бұл шешіммен келіспейміз. Аталған сот үкімінің үстінен апелляциялық шағым түсіреміз», - деді Сұңқар Нұрмағамбетов. Естеріңізге сала кетейік, Қытайға шыққан алғашқы сапарында 20 жастағы қазақстандық бойжеткен Ақжарқын Тұрлыбай 3 наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оның сөмкесінен қытай полицейлері есірткі тапты. "Қорғаушы тарап есірткі заттарын Қытайда Ақжарқынның сөмкесіне біреу салып жіберуі ғажап емес", - дейді С.Нұрмағамбетов. Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Похожие материалы