Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2006 жылғы үлгідегі банкноталардың айналымнан шығару мерзімі ұзартылды

2006 жылғы үлгідегі банкноталардың айналымнан шығару мерзімі ұзартылды

ҚР Ұлттық банк басшылығы 2006 жылы шыққан номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноталарды айналымнан шығару мерзімдерін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҰБ баспасөз қызметі хабарлады.

"Көрсетілген мерзімге дейін (2016 жылдың 3 қазаны) бұл банкноталар заңды төлем құралы болып табылады және төлемдер мен банктік операциялар үшін Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында шектеусіз қолданылады. Бұдан кейін 12 ай ішінде, яғни 2016 жылдың 4 қазанынан 2017 жылдың 3 қазанына дейін көрсетілген ақша белгілері кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталады. 2020 жылғы 3 қазанға дейін барлық ҚР Ұлттық банк филиалдарында айырбасталуы тиіс. Айырбастау ақысыз жүзеге асады", - делінген ҰБ хабарламасында. 2020 жылғы 4 қазаннан бастап банкноталар заңсыз болып табылады.  

Похожие материалы