Алматыда өтіп жатқан Қазақстан медиа-саммиті барысында тележарнама нарығының ахуалы айтылды. Сарапшылардың пікірінше ТМД аумағында тележарнама нарығының үлесі азая бастаған.
International Media Service компаниясының құрылтайшысы Валерий Маштаковтың айтуынша 2014 жылы Қазақстандағы тележарнама нарығы - 7%-ға, ал Ресейде - 20%-ға төмендеген. Ол сондай-ақ Қазақстанның тележарнама нарығын ТМД аумағындағы ең ауқымдысы деп атап өтті. «Қазақстандық жарнама нарығындағы тележарнаманың үлесі 64%-ды құрайды. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Қазақстандағы теле көрерменнің орташа жасы - 36, Ресейде -49 ал Украинада-54 жас»,- деді Валерий Маштаков.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024