Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2014 жылы Қазақстандағы тележарнама нарығы 7 пайызға азайды

2014 жылы Қазақстандағы тележарнама нарығы 7 пайызға азайды

Алматыда өтіп жатқан Қазақстан медиа-саммиті барысында тележарнама нарығының ахуалы айтылды. Сарапшылардың пікірінше ТМД аумағында тележарнама нарығының үлесі азая бастаған.

International Media Service компаниясының құрылтайшысы Валерий Маштаковтың айтуынша 2014 жылы Қазақстандағы тележарнама нарығы - 7%-ға, ал Ресейде - 20%-ға төмендеген. Ол сондай-ақ Қазақстанның тележарнама нарығын ТМД аумағындағы ең ауқымдысы деп атап өтті. «Қазақстандық жарнама нарығындағы тележарнаманың үлесі 64%-ды құрайды. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Қазақстандағы теле көрерменнің орташа жасы - 36, Ресейде -49 ал Украинада-54 жас»,- деді Валерий Маштаков.

Похожие материалы