2014 жылдың аяғындағы жағдай бойынша Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы (ЖСҚ) $157 млрд болды, 2013 жылдың қорытындысы бойынша бұл сомма $149,9 млрд қамтыған еді деп хабарлайды Ұлттық банк.
Осылайша, бұл көрсеткіш 2014 жылы 4,8%ға өсті.
Ұлттық банк деректеріне сүйенсек, сыртқы қарыздың жалпы көлемінде мемлекеттік және мемлекетпен кепілдендірілген қарыз үлесі өткен жылдың қорытындысы бойынша 5,5%-ға дейін немесе 8,635 млрд долларға дейін (2013 жылы 4,1%-ға немесе 6,156 млрд долларға) төмендеген.
Мемлекетпен кепілдендірілмеген сыртқы қарыз үлесі ЖСҚ-ның жалпы көлемінде 148,427 млрд долларға дейін (2013 жылдың қорытындысы бойынша 143,774 млрд доллар) артқан.
Бұл ретте ЖСҚ-ның жалпы көлемінде фирмааралық берешектің үлесіне 50,4% немесе $79,201 млрд тиесілі.