Societe Generale аналитиктері эталонды мұнай маркаларына арналған баға болжамын жақсартты деп хабарлайды MarketWatch.
Олардың айтуынша, Brent маркасы екінші тоқсанда орташа есеппен барреліне $58 тұратын болады, бұл бұған дейінгі болжамнан 6,67 долларға жоғары, үшінші тоқсанда - барреліне $60 (+$5) және төртінші тосанда - барреліне $65 (+$5).
Жалпы алғанда 2015 жылға арналған болжамда сарапшылар Brent мұнайының болжамын 4,33 долларға, барреліне $59,54 дейін жақсартқан.
WTI маркалы мұнайдың орташа бағасы сәуір-маусымда барреліне $51,83 болады деп күтілуде, бұл бұған дейінгі берілген бағадан 6,83 долларға жоғары. Франция банкінің аналитиктері де үшінші және төртінші тоқсанға арналған болжамды 5 долларға арттырып отыр - сәйкесінше барреліне $55 дейін және барреліне $59 дейін.
Жалпы осы жылға арналған WTI болжамы 4,28 долларға, барреліне $53,62 дейін жоғарылады.
"АҚШ-тағы мұнай өндірісі өз шыңына жетті және жуырда төмендеп бастайды деп күтілуде, бұл ретте сұраныс жоғарылайды", - делінген Societe Generale хабарламасында.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024