Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылға арналған мұнай бағасының болжамы жақсартылды

2015 жылға арналған мұнай бағасының болжамы жақсартылды

Societe Generale аналитиктері эталонды мұнай маркаларына арналған баға болжамын жақсартты деп хабарлайды MarketWatch.

Олардың  айтуынша, Brent маркасы екінші тоқсанда орташа есеппен барреліне $58 тұратын болады, бұл бұған дейінгі болжамнан 6,67 долларға жоғары, үшінші тоқсанда - барреліне $60 (+$5) және төртінші тосанда - барреліне $65 (+$5).

Жалпы алғанда 2015 жылға арналған болжамда сарапшылар Brent мұнайының болжамын 4,33 долларға, барреліне $59,54 дейін жақсартқан.

WTI маркалы мұнайдың орташа бағасы сәуір-маусымда барреліне $51,83 болады деп күтілуде, бұл бұған дейінгі берілген бағадан 6,83 долларға жоғары. Франция банкінің аналитиктері де үшінші және төртінші тоқсанға арналған болжамды 5 долларға арттырып отыр - сәйкесінше барреліне $55 дейін және барреліне $59 дейін.

Жалпы осы жылға арналған WTI болжамы 4,28 долларға, барреліне $53,62 дейін жоғарылады.

"АҚШ-тағы мұнай өндірісі өз шыңына жетті және жуырда төмендеп бастайды деп күтілуде, бұл ретте сұраныс жоғарылайды", - делінген Societe Generale хабарламасында.

Похожие материалы