Forbes журналы 2015 жылы жоғары технологиялар саласында табысқа жеткен кәсіпкерлер тізімін жариялады. Бірінші орынды 79,6 млрд доллармен әлемнің ең бай адамы болып саналатын Билл Гейтс иеленеді. Оның байлығының 13 пайызы Microsoft акцияларына салынған.
Екінші орында 50 млрд долларымен Ларии Эллинсон тұр. Oracle-дың негізін қалаушы қазір компанияның директорлар кеңесінің төрағасы және техникалық директор қызметін атқарады. Үшінші орында - Джеф Безос. Оның капиталының 90 пайызын ($47,8 млрд) Amazon акциялары құрайды. Жыл басынан бері Дж. Безостың дәулеті Amazon-ның нарықтық құны күрт өсіп кетуіне байланысты 13 млрд долларға көбейді. Тізімдегі Топ-10- Билл Гейтс, Microsoft негізін қалаушы— $79,6 млрд.
- Ларри Эллисон, Oracle негізін қалаушы— $50 млрд.
- Джеф Безос, Amazon негізін қалаушы — $47,8 млрд.
- Марк Цукерберг, Facebook негізін қалаушы — $33,4 млрд.
- Ларри Пейдж, Google негізін қалаушы— $29,7 млрд.
- Сергей Брин, Google негізін қалаушы— $29,2 млрд.
- Джек Ма, Alibaba Group негізін қалаушы— $22,7 млрд.
- Стив Балмер, Microsoft-тың бұрынғы бас директоры — капиталы белгісіз
- Лорен Пауэлл Джобс, Стива Джобс жесірі — $19,5 млрд.
- Майкл Делл, Dell негізін қалаушы — $19,2 млрд.
Ең жас бизнесмен - Snapchat-тың бас директоры Эван Шпигель. Оның жасы 25-те. Ал ең қарт кәсіпкер Intel-дің негізін қалаушы Гордон Мурдың жасы 86-да. 100 адамның 94-ы кәсіптерін нөлден бастаған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024