Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылы доллар күрт нығаюы мүмкін

2016 жылы доллар күрт нығаюы мүмкін

Алматы. 4 қаңтар. 7kun.kz - 2016 жылы доллар өзге валюталармен салыстырғанда күрт нығаяды. Тек канадалық доллар, британдық фунт стерлинг және норвегиялық кронға қатысты өзгеріссіз қалады деп хабарлайды Bloomberg сарапшылары.

Агенттік мамандарының сөзінше, басқаларға қарағанда швейцариялық, жаңа зеландиялық және австралиялық валюталар америкалық долларға қатысты қатты құнсызданады.

Мамандардың сөзінше, "валюталық ралли" деген атаққа ие болған доллардың нығаю процессі Рональд Рейган мен Билл Клинтонның уақытынан бері үшінші рет орын алғалы тұр. Соңғы рет 2013 жылы АҚШ-тың Федералды резервті жүйесі (ФРЖ) экономиканы стимулдандыру бойынша арнаулы шара қабылдағаннан бері доллар күшеюін бастаған еді.

Сарапшылардың атап өтуінше, осыған дейінгі валюталық раллилердің бірде біреуі 4 жылдан ұзақ уақытқа созылған емес. Ал осы жолғы процесс 2 жылға жалғасуы мүмкін.

Фото:tvoemisto.tv

Похожие материалы