Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы ақылы телевизияның ену деңгейі екі есе жоғарылайды

2017 жылы ақылы телевизияның ену деңгейі екі есе жоғарылайды

2017 жылы Қазақстандағы ақылы телевизияның ену деңгейі 52%-ға дейін жетеді. Бұл туралы BeeTV интерактивті сервисін таныстыру кезінде 2Day Telecom маркетинг жөніндегі директоры Екатерина Дурнобрагова хабарлады.

TNS Gallup Media Asia өткізген теледидар қарау сараптамасына сәйкес, Қазақстандағы телевизияның негізгі тұтынушылары менеджерлер (28%) мен қатысушылар (27%). Фильмдер, сериалдар мен жаңалықтар – ТВ-аудиторияның ең көп көретін бағдарламалары.

Қазақстандағы ақылы телевизия нарығы серпінді дамып келеді, 2012 мен 2017 жылдар аралығында 24%-дан 52%-ға дейінге ену өсімі күтілуде. Ол 2Day Telecom сараптамасы бойынша, телекөрермендер видеоны сұрау салу бойынша қарау мүмкіндігіне ие болғысы келетіндігін айта кетті.

"Сұрау салу бойына видео қарау танымал болып келе жатыр және пайдаланушының өзі жасаған контенттің ролі артып келеді. Видеоконтентті интернет арқылы тұтыну өсімі байқалуда, мобильді құрылғылар біртіндеп теледидарлардың орнын басып келеді. Бұл ретте ТВ қарау кезінде бірнеше экран қолданылады екен", - деп мәлімдеді Е.Дурнобрагова.

Ақылы ТВ өсімінің нақты әлеуетін 2Day Telecom компаниясының BeeTV қызметін іске қосуы растап отыр. Ол OTT (Over The Top) технологиясы бойынша жұмыс істейді, заңды телевизиялық контентті бекітілген және жақын арада мобильді болатын (2015 жылдың қыркүйегі) интернет көмегімен бір уақытта бірнеше құрылғыда қарау мүмкіндігі пайда болады.

Компания деректеріне сүйенсек, қазақстандық көрермендердің көбісі әсерлерімен интернетте бөліседі, олардың 62%ы ТВ қарау кезінде әлеуметтік желілерді пайдаланады. Айта кетелік, Қазақстандағы интернет-аудиторияның 75%-ы күн сайын әлеуметтік желілерге кіреді. Салыстыру үшін АҚШ-ты алсақ: мұнда телекөрермендердің 83%-ы ТВ қарау кезінде қосымша құрылғыны пайдаланады (34% — смартфон, 49% компьютер/ноутбук).

Похожие материалы