Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылға дейін Алматыда алты жолайрығы салынады

2018 жылға дейін Алматыда алты жолайрығы салынады

Алматыда көлік-логистикалық саладағы жобалар қарастырылды, олар осы жылдан бастап жүзеге асырылады. Бұл салада кәсіби кадрларды даярлау проблемасы бар екендігі анықталды. Қазіргі кезде Қазақстан Дүниежүзілік банктің логистика тиімділігінің индексінде 86 орында. Басты міндет - осы көрсеткішті жақсарта түсу деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Мегаполисте қалалық жолдарды жеңілдету мақсатында көшелерді ашуға және жаңа көлік жолайрықтарын салуға қатысты жұмыстар жалғасып жатыр.

"Қазір Сүйінбай даңғылын солтүстік бағытта ашып жатырмыз. Жұмыстар қаланың бас жоспарына сәйкес жүргізілуде. 2018 жылға дейін көліктік жол-магистральдық желінің дамыту бағдарламасы бар, соған сәйкес тағы 6 көліктік жолайрықты салу жоспарланып отыр", - деп мәлімдеді Алматы Автокөлік жолдары басқармасы жетекшісінің орынбасары Ғани Мырзаханов.

Похожие материалы