Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz – Facebook-тің басшысы Марк Цукерберг биыл үлкен шығынға ұшырады. Егер қаңтарда бизнесменнің байлығы 75 миллиард долларға бағаланса, желтоқсан айының ортасына дейін тек 56 миллиард доллар қалды, яғни Цукерберг бір жылда 19 миллиард доллар жоғалтты, - деп хабарлайды vestifinance.ru.
Марк Цукербергке Facebook акцияларының 13% тиесілі, ал компанияда биылғы жылы бірқатар күрделі дағдарыстар болды, атап айтар болсақ Cambridge Analytica-мен басшылықты айыптау, акционерлердің көтерілісі және орынсыз контент туралы мәселелер туындады.
25 шілдеде Facebook акцияларының бағасы 20%-дан астамға төмендеді, компания инвесторларды II тоқсанда пайда туралы есеппен қуантты. Әрине, осы кезде Марк Цукербергтің капитал мөлшері күрт төмендеді.
Әлеуметтік желілер акциялары ең төменгі деңгейге дейін түскен кезде, 24 қарашада Цукербергтің меншікті капиталы шамамен 52 млрд долларды құрады. Қазір акциялардың құны қалпына келтірілуде және Money журналының бағалауынша, жылдық шығындар бір жыл ішінде шамамен 15 млрд долларды құрауы мүмкін.