Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – 2018 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) салымшыларының шоттарына 847,4 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті. Бұл 2017 жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 91,3 млрд теңгеге, 12%-ға жоғары деп хабарлады БЖЗҚ-ның баспасөз қызметі.
Жалпы зейнетақы активтерінің өсімі шамамен 21% болды.
«2018 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы 11,27% болса, осы кезеңде инфляция деңгейі 5,3%-ды көрсетті. Бір жыл ішінде зейнетақы активтері бойынша нақты, таза табыстылық – 5,97%-ды құрады. Ал 2017 жылы зейнетақы активтерінің табыстылығы 7,92%, ал инфляция деңгейі 7,1% болған. Салымшылар мен алушылардың шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыс 917,1 млрд теңгеге жетті. Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен (550,6 млрд теңге) салыстырғанда 67% жоғары», - деді Қорда.
Сондай-ақ, басқа көрсеткіштер бойынша да оң серпін байқалады. 2019 жылдың 1 қаңтарына қарай жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны – 10,4 млн бірлікті құрады. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен ашылған шоттар – 9,9 млн бірлік болды.
2018 жылы белсенді салымшылардың саны 5,9 млн бірліктен 6,4 млн бірлікке дейін өсті.
Айта кетейік, 2018 жылы «ұйқыдағы» жеке зейнетақы шоттарының (зейнетақы жарналары түспей қалған шоттар) иелерін анықтау және оларға ақыл-кеңес беру науқаны басталды. 2018 жылы жүргізілген ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде мұндай шоттарға жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге зейнетақы жарнасы түсті.
Бұл ретте, жалпы көрсетілетін қызметтердің ішінде электрондық қызметтердің үлесі 52-ға 66%-ға өсті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024